Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арыстанбек Мұхамедиұлы Роза Рымбаеваға күтпеген жерден тосынсый жасады

Бүгін Астанада ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстанның халық әртісі, әнші Роза Рымбаеваға ІІ дәрежелі «Достық» орденін табыс етті. Министр еліміздің мәдени дамуына сүбелі үлесін қосқаны үшін әншіні марапаттады.

1523531655f0c14988dee61ebbf925ea

Роза Рымбаева үшін бұл марапат күтпеген тосын-сый болды. Себебі Арыстанбек Мұхамедиұлы Роза Рымбаеваға марапатты «Астана Опера» театрының дайындық барысында табыстады, деп хабарлады Bnews.kz.

739c81b9f98b00336f60f2a88aa42cc0

«Қатты қуанып, толқып тұрмын… Тыңдарманыма деген алғысым шексіз. Себебі 40 жыл бойы менің репертуарымның басты тақырыбы – отан, патриотизм, халықтар достастығы, бейбітшілік, бірлік, қазақстандық халықтардың бауырмалдығы. Бұл әндер әркез үлкен концерттерде, халықаралық фестивальдерде, маңызды мерекелік кештерде айтылып жүрді. Бұл менің еңбегімнің бағаланауы деп ойлаймын, себебі ән арқылы бүкіл халықты шақырып, революция ұйымдастырып жіберуге де болады. Әннің көмегімен әдемі әрі мейірімді әлемді құрып, көңіл-күйді көтеруге болады. Ән – ол мәдениет, бір-біріңе деген сыйластық, махаббат. Сол себепті де 40 жылдан бері мен әнге, музыкаға қызмет етемін», – деді Роза Рымбаева журналистерге берген сұхбатында.

Әнші бұл марапатты алатынынан хабарсыз болғанын, сол себепті таңырқап қалғанын жасырмады.

«Мұның бәрін мәдениет министрі ұйымдастырды деп ойлаймын. Себебі бұдан да жоғары дәрежелі марапаттарды алған кезде мұндай ерекше құрмет көрсетілмеген болатын. Оларды қарапайым ғана кабинеттен алып, өз жөніммен кете баратынмын», – дейді Рымбаева.

«Маған орден мен атақ емес, шынайы бақытты халықтың ықыласы сыйлайды. 40 жылдан бері тек Қазақстан аумағында емес, шетелдерде адам толы зал жинап жүрсем, демек менің әндерім тыңдармандардың талабынан шығады. Шығармашылық адам ретінде де тыңдарман үшін қызықтымын деп ойлаймын», – деді Роза Рымбаева.

Айта кетейік, тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында бірқатар өнерпаздар мемлекеттік наградалар мен медальдармен марапатталды.

Жіберіп алмаңыз:

Нұржан Керменбаев Болат Назарбаевпен түскен суретін көрсетті

Алтынай Жорабаева «Құрмет» орденімен ал Сәбит Әбдіхалықов мерекелік медальмен марапатталды

Ләйлә Сұлтанқызы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын иеленді

“Орда” тобының әншісі Есболат Беделхан сүйіктісін көрсетті (фото)

Талқылау