Тәліптер Кабулда шеруге шыққан әйелдерге оқ жаудырды
Содырлар Кабулда шеруші әйелдерге оқ жаудырды. Ауғанстан астанасының көшелерінде ондаған жас қыз шеруге шықты, деп хабарлайды Asvaka агенттігі Twitter парақшасында.
Олар "Ашаршылыққа ұшыраған халықтың үніміз", "Әділет, әділет", "Адамзат аман болсын", "Геноцид, сатқындық", "Елсіз қалудан шаршадық" деген ұрандармен айқайлады.
Әйелдер Кабул ауруханасының жанында болған кезде тәліптер (Қазақстанда және бірқатар елдерде тыйым салынған ұйым) оларға оқ жаудырған.
Жараланғандар мен қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ. Қыркүйек айында әйелдер Кабул көшелерінде наразылық шеруіне шықты. Олар ер адамдармен тең құқықты талап етті.
Тәліптер демонстранттарды тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданып, аспанға оқ атты. Өткен жексенбіден бастап талибандар жаңа ереже енгізген еді. Оған сәйкес, жалғызбасты әйелдер ер туыстарынсыз ұзақ жолға шыға алмайды.
Айта кетейік, бұған дейін тәліптер дәрігерлерге әйелдерді ер адамның бақылауынсыз қабылдауға тыйым салған еді.
Тәліптер көлікте музыка тыңдауға және хиджабсыз әйелдерді көлікке отырғызуға тыйым салды