Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талғат Байсуфинов 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ойындарына арналған Қазақстан құрамасының соңғы тізімін жариялады

Фото: KFF.KZ

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерінің міндетін уақытша атқарушы Талғат Байсуфинов қазан айындағы іріктеу матчтарына шақырылған футболшылардың соңғы тізімін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұлттық құрама 10 қазанда Лихтенштейнге қарсы өз алаңында, ал 13 қазанда сырт алаңда Солтүстік Македония құрамасына қарсы ойнайды.

Қазақстан құрамасының құрамы:

Қақпашылар: Стас Покатилов ("Сабах", Әзербайжан), Мұхаммеджан Сейсен ("Астана"), Бекхан Шайзада ("Ордабасы"), Қажымұқан Төлепберген ("Оқжетпес");

Қорғаушылар: Сергей Малый, Сұлтанбек Астанов (екеуі де — "Ордабасы"), Әлібек Қасым, Бағдат Қайыров (екеуі де — "Ақтөбе"), Ян Вороговский ("Астана"), Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей), Наурызбек Жагоров ("Тобыл"), Сағи Совет ("Жеңіс"), Әділбек Жұмаханов ("Елімай"), Дінмұхаммед Қашкен ("Жетісу"), Арсен Әшірбек ("Оқжетпес");

Жартылай қорғаушылар: Дәурен Жұмат ("Оқжетпес"), Исламбек Қуат, Дінмұхаммед Қараман (екеуі де — "Жеңіс"), Рамазан Оразов, Алмас Төлеубай (екеуі де — "Елімай"), Ислам Чесноков ("Тобыл"), Бақтиер Зайнутдинов ("Динамо Мәскеу", Ресей), Муроджон Халматов ("Ордабасы"), Дамир Қасабұлат ("Қайрат"), Георгий Жуков ("Ақтөбе");

Шабуылшылар: Артур Шушеначев ("Ақтөбе"), Максим Самородов ("Ахмат", Ресей), Дастан Сатпаев ("Қайрат"), Иван Свиридов, Ғалымжан Кенжебек (екеуі де — "Елімай").

Бапкерлік штаб:
Талғат Байсуфинов — бас бапкердің міндетін атқарушы,
Иван Азовский, Марат Еслямов, Әли Алиев, Елдос Ахметов — бапкер көмекшілері,
Олег Воскобойников — қақпашылар жаттықтырушысы,
Максим Зуев — физикалық дайындық жаттықтырушысы,
Могамед Нозадзе — талдау бапкері,
Нұрлан Биттүгұлов — дәрігер,
Алексей Михайлов — физиотерапевт,
Евгений Карнаухов, Алексей Гудзев, Ақмұрат Ақшабаев — массажистер,
Полина Силинская — нутрициолог,
Руслан Балтиев — ұлттық құрамалар департаментінің директоры,
Қуаныш Мұханбет — менеджер,
Максим Шауберт — жабдықтау менеджері,
Елдар Ермеков — видеооператор.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы екі ойынды қазан айында өткізеді: 10 қазанда Лихтенштейнмен, ал 13 қазанда Солтүстік Македониямен кездеседі.

Абылайхан Палмағанбет
Сейсенбі, 07 Қазан, 2025 12:53
Талқылау