Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талғарда ұрланған 2 жасар қыз ауруханаға жеткізіліп, тексеруден өтіп жатыр

қыз құтқарылдыФото: Адвокат Гауһар Сариеваның Instagram парақшасынан алынды

Алматы облысында 2 жасар қыздың ұрлануына қатысты Оқу-ағарту министрлігі пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Министрлік мәліметінше, бүлдіршін ауруханаға жеткізілді, оған психологиялық қолдау да көрсетіліп жатыр. 

“Қазір бүлдіршін табылып, тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді. Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырмасы бойынша Психологиялық қолдау орталығының мамандары оқиға орнына барып, психологиялық көмек көрсетіп жатыр. Сондай-ақ, Алматы облысының балалар құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі де оқиға орнында жұмыс істеп жатыр”, – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, Талғарда ер адамға оқ атып өлтіріп, екі жасар қызын ұрлап кеткен еді. Кейіннен бүлдіршін аман-есен табылып, күдікті қолға түскен. Сотталушы қамауға алынып, оның қылмыс үшін қолданған қаруы тәркіленді. Ал өзі қамауға алынды. 

Жұмаділлә Нұрила
Сенбі, 06 Қыркүйек, 2025 19:55
Талқылау