Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда көз жұмған мұғалімнің әйелі тергеу мәліметтерімен келіспейтінін айтты

Талдықорған тұрғыны толғанай Омарова күйеуінің қазасына байланысты істі тергеуге жіберуді сұрайды, деп хабарлайды КТК.

36 жастағы дене шынықтыру пәнінің мұғалімін бес адам көшеде соққыға жығып мерт қылды. Қылмыс бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Алайда тергеу кезінде күдіктінің бірі куәгерге айналды. Қалғандары бұзақы ретінде айыпталуда.

Бақытжан Батыршаеваның артында қалған әйелі 25 жаста. Оның екі қызы бар. Ол кінәлі жандар жазасыз қала ма деп қорқады. Әйелінің айтуынша, күдіктілер бұл қылмысты әдейі ұйымдастырған. Ал, оларды жай ғана бұзақылар ретінде айыптамақ.

«Олар күйеуімді түн ортасында көшеге шақырды. Мен оларды адам өлтіргені үшін айыпталуын қаладым. Бірақ маған тергеушілер күйеуімнің оқиға орнында емес, ауруханада көз жұмғанын айтты. Сондықтан “Адам өліміне дейін апаратын дене жарақаттары салу” бабы бойынша іс қарастырылып жатқанын айтты. Кейіннен үш күдіктіні бұл бап бойынша емес, бұзақылық бойынша айыптады.

Жігіттердің төбелесі жаз айында болған. Полицейлер істі тиісінше тексергенін, қазір сотқа жіберілгенін айтты. Бес адамның бірі куәгер, үшеуі бұзақы. Сонда адам өліміне біреуі ғана кінәлі болуы мүмкін. Сондықтан Толғанай Омарова істің ауыр бап бойынш қарастырылуын талап етеді.

Тағы да оқыңыз:

Қарағанды облысында билік өкілдері бір әйелдің еміне мемлекеттен 15 млн теңге бөлді

Қарағандыда полицей самбо әдісін пайдаланып, күдіктінің басын асфальтқа ұрған

Қытайдың ең бай бизнесмені Димашқа сыйлық берді

Талқылау