Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында билік өкілдері бір әйелдің еміне мемлекеттен 15 млн теңге бөлді

Қарағанды облысының билік өкілдері бір әйелдің еміне бюджеттен 15 млн теңге бөлген. Мұндай шешімді мәслихат депутаттары қабылдады.

Рак дертімен ауыратын әйелге ешқандай ем көмектеспеген, деп хабарлайды 31 арна.

Дәрігерле оның қымбат дәрі-дәрмек алуы тиіс екенін айтқан. Бір дәрінің өзі 3 млн теңгеден асады. 15 млн теңгеге дәрінің 5 қорабы сатып алынды.

52 жастағы Ирина облыстық ауруханада ауыр халде жатыр. Оның рак дертіне шалдыққанын туыстарының өзі білмейді.

«Бәрін рахмет айтам. Мен бұлай көмек көрсетеді деп ойлаған жоқпын. Қайырымды жандардың бары қуантады», – дейді нақас Ирина.

Иринаның дерті сирек кездесеті лейкоза түрі. Бұл дерттің ең асқынған түрі бомлағанымен Ирина кез келген сәтте көз жұмуы мүмкін.

«Ол бірнеше химиятерапиядан өтті. Біз науқасты құтқару мақсатында ұсыныс айттық. Билік өкілдері сирек кездесетін дертке шалдыққандарға көмектеседі. Дәрісі қымбат болған жайғдайда біз осылай ұсыныс айтамыз», – дейді аурухана меңреушісі Алена Зинченко.

Былтырғы жылы өндірістік компания екі науқасқа дәрі сыйға беріп, ол дертіне көмектескен. Осы жолы да дәрігерлер науқастың жайын айтып депутаттардан көмек сұрапты.

Тағы да оқыңыз:

Қарағандыда полицей самбо әдісін пайдаланып, күдіктінің басын асфальтқа ұрған

Қытайдың ең бай бизнесмені Димашқа сыйлық берді

Дәрігерлер Шымкент тұрғыны әуретті жерін қалай кескенін айтып берді

Талқылау