AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғандық үш жасар Нұртасқа әлемдегі ең қымбат препарат салынды

Нұртастың емінен арналған қаржы Қазақстан мен өзге де елдер аумағында жүргізілген. Құны 1 миллиард теңге тұратын препарат 19 мамырда егілген. Бұл туралы баланың анасы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Нұртас

Нұртас екінші типтегі арқа бұлшық еті атрофиясына шалдыққан. Дерт салдарынан бала жүре алмаған. Толық емделуі үшін құны 2,3 миллион доллар Zolgensma препараты қажет болған. 

Дәріге қажетті қаржы бір ай бұрын волонтерлер көмегімен жиналып, Нұртас анасы Гаухар Қыдырбековамен Дубайға аттанған. 



"Сәлем біздің қымбаттылар! Алланың қалауымен, Шүкіршілік етемін, бүгін 2022 жылдың 19 мамырында, бәріміз күткен, армандаған күн де келіп жетті. Нұртас Золгенсма препаратын қабылдады! Сіздермен осы тамаша жаңалықпен бөліскіміз келіп отыр. Біз толқу мен қуаныш аралас сезімдеміз. Сондай-ақ барлық достарыңызға, бір кездері бізді қолдап, қолдан келген көмегін аямаған, Нұртас үшін шын жанашыр жандарға алғысымыз шексіз! Бұл – біздің ортақ еңбегіміз және игі бірлік күшінің жарқын үлгісі", – деп жазды анасы Instagram парақшасында. 

Айта кетейік, бұған дейін "Қазақстан халқына" қоры қаңтар оқиғасы кезінде үйіне 20 күннен кейін оралған әскери қызметкердің ұлы Нұртасқа көмектесуден бас тартқан еді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр