Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда той кортежі 13 жасар мопедист баланы қағып кетті: Қазіргі жағдайы белгілі болды

Талдықорғанда той кортежі қағып кеткен 13 жастағы мопедист баланың жағдайы белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Дәрігерлердің айтуынша, жасөспірімнің жағдайы ауыр.

"2009 жылы туған жасөспірім 2023 жылдың 20 шілдесінде сағат 16:46-да облыстық көпсалалы балалар ауруханасына ауыр полижарақаттану диагнозымен түсті. Жабық бас сүйек-ми жарақаты. 3-дәрежелі травматикалық шок."Көптеген жарақаттарға байланысты баланың жағдайы өте ауыр. Ол анестезиология, реанимация бөлімшелерінің жағдайында қарқынды терапия алады", –  деп хабарлады Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бұған дейін Талдықорғанда кортеж 13 жастағы жасөспірімді мопедпен қағып кеткен еді. Жасөспірім Абылайхан – Сланов көшелерінің қиылысында Toyota Camry көлігімен соқтығысқан. Содан кейін баланы жол талғамайтын көлік басып кеткен. Жәбірленуші түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Жазатайым оқиға фактісі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Көліктер арнайы тұраққа қойылды.

"Сараптама тағайындалды. Автокөлік құралдары арнайы автотұраққа орналастырылls. Тергеу кезінде шетелдік көліктің жүргізушісіне қатысты "келу туралы міндеттеме" процедуралық мәжбүрлеу шарасы таңдалды", – деп хабарлаған еді полиция.

Еске сала кетейік, бұған дейін Талдықорғанда той кортежі 13 жасар скутер жүргізушісін қағып кеткені туралы жазған едік. 

Талқылау