Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Небәрі 6 градус: Талдықорғанда науқас жаңа аурухананың қатты суық екенін айтып шағымданды

Талдықорғанда 7,3 миллиард теңгеге салынған инфекциялық аурухананың науқастары жылудың жоқ екенін айтып шағымдануда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әлеуметтік желіде ауруханада коронавируспен ауырып жатқан науқастардың бірінің видеосы тарады. Видеода ер адам бөлмелердегі ауа температурасы төмен екенін көрсетіп, жаурап жатқандарын айтты. 

"Мен Жанахметов Біржан коронавирустық инфекция жұқтырып, жаңа инфекциялық ауруханада жатырмын. Қазір бөлменің температурасы 6 градус. Бұл қандай ем болды", - дейді видеода ол. 

"Көпсалалы облыстық балалар ауруханасы" ШЖҚ МКК әлеуметтік желілерде жарияланған бейнетаспаны пациент Б.Жанахметов түсірген, мәліметтер шындыққа сәйкес келмеген деп хабарлайды.

"Шындығында, аурухананың барлық бөлімшелерінде температура бөлме термометрлерімен өлшенеді. Температура 21 ° C-тан 25 ° C-қа дейін өзгереді, бұл қолайлы температура, қолданыстағы құжаттарға сәйкес үй-жайларда температура 18 ° C - 22 ° C-ден төмен болмауы керек. Бүгіннен бастап емделушілерге денсаулық сақтау ұйымдарында аудио, фото, видео түсірілімге тыйым салу туралы түсіндірілетін болады", - дейді денсаулық сақтау басқармасы. 



Қазір инфекциялық аурухана жеке мекеме ретінде тіркелмегендіктен,  облыстық балалар ауруханасына қарайды екен. 

Еске салсақ, аурухананың құрылысына 7,3 миллиард теңге қаржы кеткен. 

Талқылау