Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көшенің бір бөлігі опырылып түсіп, 50 метр тереңдікте шұңқыр пайда болды


Видеодан скрин

Таиландта жол опырылып түсті. Салдарынан Бангкок орталығында 50 метр тереңдікте шұңқыр пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға 24 қыркүйек күні сағат 07:13-те қаладағы аурухана жанындағы көшеде болған. Куәгерлер опырылу сәтін видеоға түсіріп алған. Кадрдан асфальттың жерге опырылып түсіп, электр бағаналарын ішіне тартып кеткенін көруге болады.

Ал көлік жүргізушілері дер кезінде кері шегініп, апаттан аман қалған. Шұңқырға екі бағана мен бір полицей көлігі түсіп кеткен.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, шұңқырдың тереңдігі 50 метр және шамамен 900 шаршы метрді қамтыған. 

Қала билігі жол қозғалысына шектеу қойды. Ал Ваджира ауруханасы науқастарды қабылдауды уақытша тоқтатты. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары эвакуацияланғаны хабарланды.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, опырылған аумақта бұрын метро желісінің құрылыс жұмыстары жүргізілген екен. Полиция апатқа тергеу бастады.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 24 Қыркүйек, 2025 23:00
Талқылау