Таиланд пен Камбоджа қақтығысты уақытша тоқтатты: Трамп екі елді татуластырмақ
Фото: АFP
Таиланд пен Камбоджа қарулы күштері толассыз жауған жаңбырға байланысты шекаралас аудандардағы соғыс қимылдарын уақытша тоқтатты. Алайда екі жақ та өз ұстанымдарында. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Дональд Трамп Truth әлеуметтік желісінде Камбоджаның да, Таиландтың да басшылығымен сөйлескенін хабарлады. Ол елдердің келіссөздерге дайын екеніне сендірді.
"Екі тарап та тез арада атысты тоқтатуды, бейбітшілікті қалайды. Сондай-ақ олар АҚШ-пен сауда келіссөздеріне қайта оралғысы келеді, біз шайқас тоқтамайынша бұл мүмкін емес деп санаймыз. Олар дереу кездесіп, атысты тоқтату және ақырында бейбітшілік орнату туралы келіссөздер жүргізуге келісті. Екеуі келіскен кезде ғана екі елмен сауда қатынастарын жалғастырамын!", – деп жазды АҚШ президенті.
Таиланд президенті Камбоджаға талап қойды.
"Мен президент Трамппен сөйлестім, ол Таиланд пен Камбоджадан дереу атысты тоқтатуды талап етті. Мен президент Трампқа алаңдаушылық білдіргені үшін алғыс айттым және Таиланд атысты тоқтатуға келісетінін атап өттім. Дегенмен Таиланд Камбоджа тарапынан шынайы ниетті көргісі келеді", – деді ол.
Еске салсақ, Таиланд пен Камбоджа шекарасында қарулы қақтығыс болғаны айтылды. Арадағы қақтығыстан 32 адам қаза тапты.

"Балам әкесінің дертін "мұра" етіп алды": Қазақстандық шизофрениямен ауыратынын 16 жыл бойы әйелінен жасырып келген
