Тағы үш клуб УЕФА чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды
Плей-офф кезеңіндегі матчтардың қорытындысы бойынша тағы үш клуб Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің қатысушысы атанды. Бұлар – "Бенфика", "Виктория Пилзен" және "Маккаби Хайфа" командалары, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
"Бенфика" командасы Лиссабондағы екінші ойында Киевтің "Динамосын" 3:0 есебімен ұтты, ал бірінші ойын португалдықтардың пайдасына аяқталды 2:0 болып аяқталған еді.
Чехиялық "Виктория Пльзен" әзірбайжандық "Гарабахты" 2:1 есебімен ұтса, израильдік "Маккави Хайфа" сербиялық "Црвена Звездамен" 2:2 болып тең ойнады. Алайда екі ойынның көрсеткіші бойынша 5:4 есебімен жеңіске жеткен израильдіктер чемпиондар лигасына жолдама алды.
Осылайша, келесі кезеңге өте алмаған "Динамо", "Қарабах" және "Црвена Звезда" командалары Еуропа лигасында өнер көрсетеді.
Айта кетейік, чемпиондар лигасының топтық кезеңінің жеребе тарту рәсімі 25 тамызда Ыстамбұлда өтеді.
Талқылау

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады