Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда тағы бір автобус апаты болды: Көз жұмғандар бар

18 шілдеге қараған түні Медеу ауданында автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан екі жолаушы мерт болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Полицияның мәліметінше, “Toyota” автокөлігі Талғар тас жолымен келе жатып қарсы бағытқа шығып кеткен. Сөйтіп жеке тасымалдаушыға тиесілі автобусқа соқтығысқан. Жол апатының салдарынан жеңіл көліктің екі жолаушысы көз жұмды.

“Екі адамның өліміне әкеп соққан жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды”, – деп мәлімдеді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін күні кеше Алматыда жүк көлігі автобуспен соқтығысып, 9 адам зардап шеккен еді. 

Еске салайық, 14 шілде күні сағат 12:00 шамасында Алматы-Екатеринбург тас жолында Ақшатау кентінен 30 шақырым жерде автобус пен Toyota Estima көліктері соқтығысқанын жаздық. Оқиға салдарынан Toyota Estima көлігінің төрт жолаушысы мен автобустың бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Талқылау