AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тағы 3 адамның жағдайы ауыр: Атырау облысындағы атысқа қатысты жаңа деректер белгілі болды

Атырау облысының Сағыз ауылында атыстан кейін күшейтілген режим енгізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

 

"Полиция қызметкерлері оқиға орнына қоғамдық тәртіпті тұрақтандыру және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірінші болып келді. Жағдай тұрақты, жаппай толқулар байқалмайды. Осыған қарамастан, тәртіп сақшылары күшейтілген режимде жұмысын жалғастырып, Сағыз ауылын тәулік бойы патрульдеуде", - деп хабарлады Атырау облысы ПД баспасөз қызметі.

Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиевтің сөзінше, оқиға орнына Атырау облысы полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жұмылдырылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 99 - бабының 2-бөлігі ("кісі өлтіру") бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, атыста жарақат алған 3 адамның жағдайы ауыр.

Дәрігерлердің айтуынша, қолынан жеңіл жарақат алған бір жәбірленуші үйіне шығарылған. Бір жәбірленуші қол жарақатымен Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді. Жағдайы тұрақты, алаңдаушылық туғызбайды. Ол ем қабылдап жатыр.

Зардап шеккен үш адам түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілді. Жағдайлары бірқалыпты, ем қабылдап жатыр. Олар травматология бөлімінде дәрігерлердің бақылауында.

"Зардап шеккендердің бірінде ашық бас сүйек-ми жарақаты бар. Орташа ауырлықта. Сол жақ көзі ауыр жарақаттанған. Денесінде жаралар бар. Қазіргі уақытта жағдайы ауыр, нейрохирургия бөлімшесінде ем алуда.

Тағы бір жәбірленуші жабық бас сүйек-ми жарақатын алған. Жеңіл дәрежеде. Денесінде оқ жарақаттары бар. Сол қолтық аймағында кесілген жара. Қазіргі уақытта жағдайы орташа ауыр, орташа, нейрохирургия бөлімінде ем алуда.

Үшінші ер адамның кеудесінде, қолдарында, басы және бетінде жарақаттар көп. Сол көзі көгерген. Жағдайы орташа ауыр, шұғыл хирургия бөлімшесінде ем алып жатыр", - деді ведомствода.

Еске салайық, Атырау облысында ауыл жастарының арасында атыс болып, алты адам зардап шекті. Олардың біреуі қаза болып, бесеуі ауруханаға жеткізілді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр