"Табаннан өткен суық жаман болады": Ләйлә Сұлтанқызы жас қыздарға үндеу жасады
Танымал тележурналист Ләйлә Сұлтанқызы қыс мезгілінде жылы киініп жүруге шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/sultankyzy/
Өнер иесі жасөспірімдердің жеңіл киініп жүретінін сынады.
“Қазіргі балалар етік кимейді, кроссовкимен жүре береді. Көшеде капрон колготки, қысқа шортымен жүрген қыздарды көріп, апатай осылай деп жатыр. Рас, бәріміз де бала болдық. Үйден қымтап қоя берсе, шетке шыққан соң бәрін шешіп тастайтын едік қой. Қазір апа үйдегі барлық немересінің аяқ киімін түнде міндетті түрде кептіреді. Сіңлілерім, табаннан өткен суық жаман болады. Оның қанша ауруға себеп екенін білсеңдер ғой. Бастарың мен аяқтарыңды жылы ұстаңдар! Сұлуынан жылуы керек”, – деп жазды БАҚ өкілі.
-
"Алты бұзау, бір сиыр бағушы едім": Ләйлә Сұлтанқызы 40 жыл бұрынғы бала кезін көрсетті
-
"Маңдайын жырып, терезені сындырдым": Ләйлә Сұлтанқызы оқушы кезіндегі оқиғасын бөлісті
Тележурналистің анасы да өз кезегінде ақыл айтып, жылы киініп жүруге үндеді.
“Қазір күн суық. Ызғар жел бар. Көшедегі адамдардың үстіне қарап отырмын. 50 жастағы келіншек шортымен кетіп бара жатыр. Бұл дұрыс емес. Біз балаларымызға аяқтарынан су өтпеу үшін етіктің ішіне пакет орап беретінбіз. Біздің шешелеріміз етікке киізден ұлтарақ жасап беретін. Оны қайшымен қиып, етіктің табанына шақтаушы едік. Табаннан өткен суықтың емі жоқ”, – деді журналистің анасы.
Еске салайық, медиа маманы анасының сыртқы келбетін сөз ететіндерге үндеу жасаған еді.