Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түсіпбаева өзінің стилін сынаған дизайнерді «сауатсыз» деп кемсітті

Меруерт Түсіпбаева отандық дизайнерлермен дауласуды доғарар емес. Әнші өзінің стилін сынға алған Аида Кауменова, Жадо сынды дизайнерлердің өздеріне мін тағуда, деп хабарлайды Stan.kz.

жадо мира

Күні кеше Меруерт Түсіпбаева Кауменовадан 97 мың теңгеге сатып алған алқасының екі рет тағылғаннан кейін ажырап кеткенін айтып шағымданды. Осылайша әнші танымал дизайнердің кәсібилігіне күмән келтірді. Одан кейін Түсіпбаева киім тігуде Қытайдың сапасыз дүниелерін қолданатын дизайнерден жауап беруін талап етті. Әншінің әлеуметтік желідегі шағымына Кауменова жекелей жауап берсе керек-ті. Себебі кешкі уақытта Түсіпбаева оқиғаның реттелгенін айтты.

Даудың басы неден басталды? Алдымен осыны анықтап көрелік. Өткен демалыста эфирден шыққан «Ел аузында» бағдарламасында қазақстандық дизайнерлер талғамы жоғары және талғамсыз жұлдыздарды саралап айтты. Сонда Аида Қауменова, Жадо, Белла Сәт-Мырза есімді отандық киім тігу шеберлері әнші Меруерт Түсіпбаеваның стилін бірауыздан ұнатпаған еді.

Қауменова: «Меруерт Түсіпбаеваға бұдан бұрын да маған келсін деп айтқанмын. Дене бітімің әдемі, киім таңдайық дедім. Алайда оның киетін киімі маған онша ұнамайды. Оны жасырмаймын, себебі бұл туралы өзіне де айтқанмын», – десе, дизайнер Жадо:

«Меруерт ханым ерке ғой, әрине. Еркесің ба, сол күйде жүру керек. Тек мінезімен емес, стилімен, киімімен дей ойлаймын», – деп әншінің стилін, сахналық образдарын қатаң сынға алды.

Түсіпбаева өзіне мін таққан дизайнерлерді көп күттірмеді. Әлеуметтік желі арқылы кезек-кезегімен «шабуылдауда».

Әнші дизайнер Жадоның сауатсыздығын алға тартып, ең алдымен өз силін жөндеп алуға кеңес берді.

«Тюрбан дегендi етегi бар киiммен кию керек, Жадо! Джинсымен емес, клетка көйлекке мынау ала орамал сәйкес келмейдi! Ара-тұра миыңды іске қосып тұрсаңшы! Түсінемін, 10 жылдық мектеп білімімен алысқа шаба алмайсың, онсыз да істер ісің жоқ, біздің Жүргеновке оқуға тапсыр. Камила Асхатқызы бәрін де үйретеді, эстетикалық талғамның не екенін аңғартады. Семipiп, әліңді бiлмей, әлек болғанша сауатыңды аш! Ешқашан кеш емес», – деп жазды Түсіпбаева желідегі парақшасында.

Бұған Жадо не деп жауап берер екен?

Айтпақшы, Түсіпбаеваның стилін сынаған дизайнерлер қатарында Белла Сәт-Мырза да бар. Өз сөзінде ол:

«Ең талғамы нашар жұлдыз ренжімей-ақ қойсын, Меруерт Түсіпбаева апамыз. Ол кісінің бет-бейнесі әдемі, түрі бар, даусы бар, бірақ стильге келгенде үлкен жұмыс жасау керек», – деп атап өткен еді.

Дизайнерлер ерке әншінің ашуына мықтап тиген сыңайлы. Ендеше, ендігі кезек сізге де келіп қалуы мүмкін, Белла ханым! Абай болыңыз!

Жіберіп алмаңыз: 

Домбырамен терме айтқан Түсіпбаева желі қолданушыларын таңқалдырды (видео)

Меруерт Түсіпбаева: Қайрат Нұртас киімін тегін берсе де кимеймін (видео)

Жолдасов өзінің қызын Еркемен салыстырғандарға жауап берді

Мәдина Сәдуақасова екі көзі көрмейтін әнші қызға продюсер болмақ (видео)

Талқылау