Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жолдасов өзінің қызын Еркемен салыстырғандарға жауап берді

Төреғали Төреәлі нәзік жанды эстрада жұлдыздарымен ән айтқанды ұнатады. Оған дәлел әншінің бір емес, бірнеше әнші арумен құрған дуэті. Әсіресе, олардың ішінде Ерке Есмахан мен Фарида Жолдасованы теңеп, салыстыратындар көп.

ерке фарида

Бұған дейін Төреғали Төреәлі мен Фарида Жолдасованың тағы да дуэт жаздырғанын хабарлаған едік. «Тамшылар» деп аталатын туындының авторы – Ұлықпан Жолдасовтың өзі. Композитордың айтуынша, ең алғаш, бұл әннің ағылшынша нұсқасы жазылған екен. Төреғалимен дуэт құру, сол арқылы танымалдылықты арттыру жұлдызды әкенің ойына да кіріп шықпапты.

«Бұл әннің ағылшынша нұсқасы бар. Фаридаға ағылшынша айтқызып жатқанбыз. Ол енді Еуропа жаққа, Қазақстанға емес. Сондай ой болған. Ойламаған жерден Төреғали: «Айтып көрейік, бұл жақта да, ол жақта жүре берсін» деп ұсыныс тастады. Жарайды, жазсақ жазып көрейік дедік. Сәтті шығып жатса, оны көрерміз дедім. Сәтті шыққан сияқты. Қайдан білейін. Оның бағасын тыңдарман берер… «Ана жерде «Алло» деген ән шығыпты Ерке Есмаханмен. Біз де сол сияқты дуэт жасайық, Ерке Есмаханмен жарысайық деген ой болған жоқ. Еркенің өзінің жолы бар. Жақсы әнші, Құдайға шүкір. Ал Фарида 5 жасынан танылған әнші ғой. Оны халықтың өзі біледі», – деп пікір білдірді Жолдасов Астана арнасының «Ел аузында» бағдарламасына берген сұхбатында.

Одан кейін продюсер әке Фариданың ел алдында ән салып жүруіне тек оның таланты себепші екенін баса айтты.

«Мен қанша ақша салайын, қанша беделімді пайдаланайын, шықпайтын адам шықпайды ғой. Бір кісілер мысалы біраз ақшаларын жұмсап, беделдігін, телеарналардағы таныстарын пайдаланып, біраз әншілер тыраштанып көрді, көріп те жатыр. Оны халық керек қылмаса, жүреді, ақшасын қашанғы шаша берсін? Ол да шаршайды, ол да қояды. Ондай ештеңе жоқ, тыңдамайтын адам қояды. Ал Фариданың өзінің тыңдарманы бар», – деді Жолдасов.

Жіберіп алмаңыз: 

Домбырамен терме айтқан Түсіпбаева желі қолданушыларын таңқалдырды (видео)

Алматы жастары Ninety One тобын қолдап ән салды (видео)

Мәдина Сәдуақасова екі көзі көрмейтін әнші қызға продюсер болмақ (видео)

Ата-анасы Серік Ибрагимовтің үйленетінін теледидардан естіген

Талқылау