Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы жастары Ninety One тобын қолдап ән салды (видео)

Алматыда бір топ қыздар Ninety One тобын қолдау мақсатында жиылып, әнін орындады.

7878

Бейнежазба журналист Дәулет Мұқаевтың Инстаграмдағы парақшасында жарияланды. Онда қыздар қолдарына плакаттар мен түрлі жазулар ұстап атышулы топты қолдайтындықтарын айтады. Тіпті “топты жек көретіндерге не айтасыздар?” деген журналист сауалына олар “Бақытты болыңыздар” деп жауап қайтарған.

Бұдан кейін жанкүйерлер топтың “Айыптама” атты әнінен үзіні орындап береді. Автор парақшасында топты қолдауға жиналған қыздардың жасы 15-26 жас аралығында екенін де айтыпты.

Бұған дейін аталмыш топтың концерттері еліміздің бірнеше өңірінде өтпей қалды (Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды, Жезқазған).  Бұған өз кезегінде сол аймақтағы адамдардың үлкен қарсылығы себеп болған еді.

Оқи отырыңыз:

Домбырамен терме айтқан Түсіпбаева желі қолданушыларын таңқалдырды (видео)

Мәдина Сәдуақасова екі көзі көрмейтін әнші қызға продюсер болмақ (видео)

Ер-азаматтардың кімдермен үйленуіне болмайды?

Қайрат Нұртас қазақстандық “Голос” жобасына үміткер ретінде қатысты (видео)

Талқылау