Түсінде әйгілі әншілерді көретін балалар үйінің тәрбиеленушісі Ақтөбеде концертін бермекші
Тәуелсіздік күніне байланысты жас әнші Бернар Өтешов өзінің патриоттық ән кешін береді.
Темір ауданындағы балалар үйінің тәрбиеленушісі Бернар Өтешов жастайынан ән айтып, облыстық және республикалық байқауларда жүлдегер атанып жүр, деп хабарлайды Aktobenews.kz.
«2013 жылы балалар үйіне жаңадан қызметке кеп жатқанда Бернар аудандық байқаудан орын алып кеп жатыр екен. Дастарханда әңгіме барысында арманын сұрағанымда «Апай мен әнші болғым келеді!» деп жауап берген болатын. Түсінде әйгілі әншілерді көріп, маған айтып отыратын. Мектеп қабырғасынан өнер жолы басталып, түрлі байқауларға қатысты. Республикалық деңгейлерге дейін көтерілді. Содан бергі арманым үлкен концерт жасап беру», — деді балалар үйінің директоры Жанар Кокаманова.
Биыл Бернар мектеп бітіреді. Танымал әнші болуды аңсаған жас жеткіншек өнер саласында жоғары оқу орнына түскісі келетінін де айтты. Білім алған ордасы мен тәлім алған балалар үйіне үлкен алғысын осы көлемді концертімен білдіргісі келеді.
Тағы да оқыңыз:
Ғұсыл дәретін қай кезде алу парыз етіледі