Шариғат бойынша зират қасынан өткенде бет сипау дұрыс па

Сейсенбі, 4 Қазан , 2016 15:05

“Бізде көлікпен зират жанынан өтіп бара жатқанда бет сипап жатады. Мұндай шариғатта бар ма? Яғни, қабірдің жанынан өтіп бара жатқанда бет сипау дұрыс па?” деген Ернат есімді азаматтың сауалына діндарлар жауап берді.

39-024
Фото: kz.otyrar.kz 

Пайғамбарымыздың (с.ғ.у) сүннеті бойынша қабірге келген адам сол жерде жатқан әруақтарға Алладан кешірім тілеп, дұға етеді. Бұл – сауапты іс, деп жазады muslim.kz.

Сахих Муслимде риуаят етілген хадисте Жәбрәйіл періште Мұхаммед Пайғамбарға «бақиғ қабіріне барып ол жердегі жатқандарға «истиғфар» (кешірім тіле) ет!» деген Құдайдың бұйрығын жеткізеді. Пайғамбарымыз (с.ғ.у) Жәбірейіл айтқан қабірге келіп, қолын көтеріп дұға етеді.  Үйге оралысымен Айша анамыз:«(Қабірдегілерге)Не дейін?», – деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз: «(Қабірге барғанда) былай де: «Уа мүмин, мұсылман қабір иелері! Алла Тағала біздің өлілерімізге де, тірілерімізге де рақым етсін. Алла қалаған күні біз де сендердің қатарларыңа қосыламыз», – деп жауап берді.

Қазақтардың қабір қасынан өтіп бара жатып бет сипауы Пайғамбарымыздың (с.ғ.у) осы сүннетінен шыққан дүние. Алайда, тек бет сипап қана қоймай сол жерде жатқандарға іштей Алладан рахым тілеген дұрыс. Сонда сіздің әрекетіңіз құр бет сипағандық емес, Пайғамбарымыздың сүннетін орындағандық болмақ.

Жіберіп алмаңыз:

Жолымды қалай ашам деушілерге діндарлар жауап берді

Оразаның пайдасын дәлелдеген токиолық ғалым Нобель сыйлығын алды (фото)

Француз ғалымы перғауын оқиғасын зерттеген соң ислам дінін қабылдаған

Ислам діні адам сыртынан сөз айтуға рұқсат беретін 5 жағдай

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Анонимно says:

    Атам заманнан келе жатқан дәстүр. Мен үшін дұрыс. Өзім солай істеймін. Себебі кішкентай күнімнен солай үйреткен.

    • Анонимно says:

      Ата-бабамыз ақымақ емес,ақылды болғасың…біздерді ақымақ болмасың,-деп!асылдығың жеткізіп,тура жолды көрсеткен.-Бұл орыңды.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар