Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ислам діні адам сыртынан сөз айтуға рұқсат беретін 5 жағдай

Өзгенің сыртынан ғайбат сөз айту, жала жабу Ислам дінінде күнә саналады. Алайда кей жағдайда өзге біреу жайлы айтуға дінде рұқсат беріледі.

8cba5d214c5f756cb3dfba3d009c9a8f_L

Бұл туралы Islam-Today хабарлайды.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): «Сіздер ғайбат дегеннің не екенін білесіздер ме?», – деп сұрады. Олар: «Алла елшісі бізден гөрі жасы біледі», – деді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Ол дегеніміз бауырың туралы оған ұнамайтын сөз айту», – деді. «Егер ол рас болса ше?» , – деп сұрап еді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Егер айтқаның рас болса да сен ол жоқ кезде ол туралы сөз еткен боласың, ал егер сенің айтып тұрғаның шындыққа жанаспаса сен оған жала жапқан боласың», – деді.

Тағы бір хадисте: «Бір адамның жанында дін бауыры ғайбат етілгенде оған көмектесу үшін күші жете тұра көмектеспесе, Аллаһ тағала оны дүниеде де ақыретте де масқара етеді» делінген.

Алайда, адам сыртынан сөз айтуға мынадай 5 жағдайда рұқсат беріледі:

1.Адам өзі жайлы ғайбат айтылып жатқаны жөнінде дәрежесі жоғары, ақыл-кеңес сұрауға лайықты адамдарға мән-жайды, өзі жайлы кімдердің не айтып жатқанын ақыл сұрау мақсатында айта алады.

2.Әділдік орнату және біреуден келетін зиянды ескерту жағдайында. Егер әлдекім бір адамнан келетін зиян барын білсе, сақтандыру мақсатында қолында билігі бар, сөзі жүретін, зиянды істі қайырлы іске ауыстыра алатын адамға айтуына болады.

3.Егер кімде-кім әділдігін білу мақсатын өзге біреу жайлы айтып ақыл сұраған жағдайда. Мәселен, мүфтиден «Менің әкем маған осылай істеді немесе күйеуім осылай жасады» деп істің шешімін сұрау мақсатында өзге біреу жайлы айтуына болады.

4.Егер кімде кім әлдебір адамның өзгелерге зияны тиетінін білсе ол жайлы айтуына болады. Ондай жағдайда өзгелерге оның зиян тигізуі мүмкін екенін ескерту міндетті болады. Осылайша жаман істің алдын алуы керек.

5.Ашық түрде біреуге зиян келтіруін қоймаса, мәселен кімде-кім біреудің затын ұрлауды доғармаса, оны көпшілік алдында ескерту керек.  Егер адам кемшілігін түзей алатын болса, оның өзіне бұл жайлы жеке айту керек.

Жіберіп алмаңыз:

Француз ғалымы перғауын оқиғасын зерттеген соң ислам дінін қабылдаған

Жынысын ауыстырған қазақстандық транссексуал елімізде ерлердің 90%-ы бисексуал деп жұртты шошытты

Тұңғышбай Жаманқұлов: Арыстанбекпен текетіресім ол ректор болып тұрғанда басталған

Оралда белгісіз біреулер танымал кәсіпкердің жүргізушісін тамағынан бауыздап кеткен

Талқылау