Жынысын ауыстырған қазақстандық транссексуал елімізде ерлердің 90%-ы бисексуал деп елді шошытты

Сәрсенбі, 28 Қыркүйек , 2016 14:13

Еліміздегі телеарналардың біріндегі бағдарламаға келген транссексуал өзінің өмірі туралы әңгімесімен елді есеңгіретті. Жігіт болып дүниеге келген ол жынысын ауыстырып, қыз балаға айналған. Бүгінде өзіне Аруна деп ат қойып алған.

Screenshot_5

Фото: “Әйел бақыты” бағдарламасынан скриншот

Бұл туралы Қазақстан арнасының “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.

Аруна: «Бастапқыда 1995 жылы Қостанай қаласында ер бала болып туылдым. Отбасымда жалғыз баламын. Маған өте қиын болды. Қазақы отбасында дүниеге келгеннен кейін 18 жасымды күттім. Кәмілеттік жасқа толған сәттен бастап өзім қалағанымша өмір сүремін деп шештім», – дейді.

Транссексуалдың ата-анасы үш жыл бұрын өмірден озған. Кезінде анасы дәрігер, ал әкесі дәнді-дақыл маманы болған. Ал туыстары транссексуалдан үзілді-кесілді бас тартқан көрінеді.

Бойынан өзгерістерді байқаған ол 13 жасынан бастап жынысын ауыстырғысы келгенін айтты. Нағыз қазақы отбасында тәрбиеленген бала өз қалауын әке-шешесіне айтудан қорыққан. Қыз бала болуды армандаған ол бұл құбылыс уақыт өте келе жойылар деп үміттенген. Алайда олай болмай шықты.

«Неге барлық бала – бала сияқты, ал менің қалауым басқа? Мүмкін менің бір жерім ауыратын шығар деп ойлайтынмын», – деді ол.

Жылдар өтті. 15 жасқа толған бозбала ғаламтор арқылы өзі сияқты жынысын ауыстыруды қалайтын жандармен танысқан. Одан кейін Астанаға оқуға түсіп, 18 жасқа толған соң жасанды кеуде жасатыпты.

«Бойжеткеннің» айтуынша, қоғам ол сияқты жандарды науқас, ауру деп қабылдайды. Алайда, Аруна шын мәнінде транссексуалдар ондай қадамға бармас бұрын психологиялық тұрғыдан және жалпы медициналық тексерістен өтетінін, оның еш әбестігі жоқ екенін мәлімдеді. Айтпақшы,  жасанды кеуде жасатқан Аруна төменгі бөлігіндегі жыныс мүшесін алдырмағанын және алдырғысы келмейтінін айтты. Транссексуалға осылай өмір сүрген ыңғайлы екен.

Достары туралы әңгімелеген транссексуал Қазақстандағы жігіттердің 90%-ы қос жыныстылықты таңдағанын айтып елді есеңгіретті.

«Достарымның арасында өзім сияқты транссексуалдар, «көгілдірлер» көп. Жалпы Қазақстандағы еркектердің 90%-ы бисексуал, 10%-ы натурал», – деді ол.

«Мұндай мәліметті қайдан алдыңыз? Ол сіздің айналаңыздағы адамдар сондай шығар», – деген тележүргізушінің сауалына Аруна тұшымды жауап айта алмай, керісе жөнелді.

Screenshot_9

Тележүргізуші – Ләйлә Сұлтанқызы.

«Мен білетін шығармын, менімен таласпақсыздар ма?» – деді ол.

Бағдарламаға қонақ ретінде журналист Ұларбек Нұрғалым, психолог Балабек Сақтағанов пен уролог-андролог Мақсат Мамедияров шақыртылған.

«2009 жылдан бері елімізде жынысты ауыстыруға рұқсат берілген. Алматыда жасалады. 25 пациентке ота жасалды. Жігіттердің қыз болуға тапсырысы басым», – деп мәлімет келтірген уролог-андролог Мақсат Мамедияров мұндай жағдайдың себебін түсіндірді. Айтуынша, әкесі жоқ болып, 13-14 жасына дейін анасының қасында ұйықтайтын балаларда еркектік гармондар өте аз деңгейде болады екен. Есесіне әйелдік гармондар басым болып, адам ағзасы өзгеріске ұшырайды.

Screenshot_6

Уролог-андролог Мақсат Мамедияров

Ал психолог Балабек Сақтағанов гейлердің туа біткен психологиялық ауытқушылыққа шалдығатынын тілге тиек етті.

Screenshot_7

Психолог Балабек Сақтағанов

Студияға шақырылған журналист, тіпті, Арунаның жүзіне қарағысы келмейтінін айтып, ашынды. Ол транссексуалға кез келген нәрсенің өз жөні, тәртібі болатынын түсіндіруге тырысты.

Screenshot_8

Журналист Ұларбек Нұрғалымұлы

“Әркімнің өзінің өмір сүру құқығы болғанымен, белгілі ортақ заңдылықтар бар. Мысалы, көлік айдаған кезде сіздің рөліңіз қолыңызда. Бірақ мен өзім білемін деп қалай-болса солай жүрмейсіз немесе қарсы жолаққа шықпайсыз не заңдылыққа қарсы әрекет жасамайсыз. Олай жасайтын болсаңыз, қалған адамдарға өмір сүруге кедергі жасайсыз. Сол себепті өзінің құқығы деген нәрсені өршелетпейміз”, – деген Ұларбек Нұрғалымұлы транссексуалға ойын дұрыс жеткізе білуге кеңес берді.

Ал Аруна қоғамның пікіріне мән бермейтінін, осындай өмір салты өзіне ұнайтынын баса айтты.

Жіберіп алмаңыз: 

Аяғы ауыр қазақстандық келіншек өзін күйеуі өлтіріп қоя ма деп қорқып жүр

Қазақ қызы студент кезінде туған баласын қазіргі жігітінен жасырып жүр

Бір әулеттің жалғыз ұлы бедеу келіншегінің ажырасу туралы ұсынысынан бас тартты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

9
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар