Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір әулеттің жалғыз ұлы бедеу келіншегінің ажырасу туралы ұсынысынан бас тартты

26 жастағы келіншек бедеу екенін білген соң жолдасына ажырасу туралы ұсыныс айтқан. Бұлай деуіне жолдасының бір әулеттің, бір үйдің жалғыз ұлы болғандығы себеп болыпты. Алайда азамат бәрінен сезімнің жоғары екенін айтып, бұл ұсыныстан бас тартқан, деп хабарлайды Stan.kz.

image

Бұл туралы Қазақстан арнасының “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.

Самал ханым 20 жасында тұрмысқа шыққан. Бүгінде ол 26 жаста. Келіншек бала көтере алмаған соң ата-енесінің өзіне деген көзқарасының өзгере бастағанын байқаған. Ал жолдасы бір әулеттің жалғыз ұлы болса да, ажырасудан бас тартқан. Енді олар суррогат ананың көмегіне жүгінгелі отыр. Самал ханым студияға кірген кезде, Ләйлә ханым оған бетпердені шешу туралы ұсыныс жасайды. Келіншек өз кезегінде қоғаммен тығыз байланысты жұмыста екенін айтып, бұл ұсыныстан бас тартады.

“Өзім 20 жасымда тұрмысқа шықтым. Жолдасым екеуіміз бір-бірімізді ұнатып, сүйіп қосылдық. Бір әулеттің, бір үйдің жалғыз ұлы болғандықтан, ата-енеммен бірге тұрып жатырмыз. Бастапқыда бәрі жақсы болды, екі жыл бойы дәрігерге қаралмадық. Артынша үйдегілердің маған деген көзқарасының өзгере бастағанын байқадым. Осылайша үлкендердің кеңесімен түрлі дәрігер мен емшіге бардық. Ең бірінші, дәрігер “бедеусің” деген кезде жолдасым қатты ашуланды.

Көпке дейін күйеуімнің алдында өзімді кінәлі сезініп жүрдім. Оның үстіне ол бір әулеттің, бір үйдің жалғыз ұлы болатын. Осы оқиғадан кейін 2 жыл өткен соң оған ажырасу туралы ұсыныс тастадым. Күйеуім бірден қарсылық танытты. Үш жыл сабыр қылып кейін ғаламтордан суррогат ана туралы ақпарат іздей бастадым. Бұл тақырыпты тереңірек зерттеп, жолдасыма, ата-енеме айттым. Бастапқыда қарсы болса да, ойлана келе өз келісімдерін берді. Қазір қаражат жинап жатырмыз”, – дейді Самал ханым. Дәрігерлер келіншектің бедеулігіне бүйрегінің ауыруы себеп болуы мүмкін екенін айтқан екен. Өзі бүйрек ауруының тұқымда бар екенін айтады. Біреуінің екіншісіне қарағанда қызметі нашар екен.

upload-2015-12-01T223349Z_302374990_TM3EBC11CQ501_RTRMADP_3_MARKZUCKERBERG-BABY-pic905-895x505-25702

Дәл осы секілді жағдай әйгілі Марк Цукерберг пен Присцилла Чанның да басынан өткен. Миллиардер фейсбук желісіндегі кезекті жазбасында Присцилланың соңғы 7 жыл ішінде 8 рет түсік тастағанын айтқан болатын.

“Отбасыңыздың тағы бір адаммен толығатынын білген кезде, бойыңызды қуаныш сезімі кернейді. Сіз болашақ сәбиіңізді көз алдыңызға елестетіп, оған қатысты жоспар құра бастайсыз. Артынша мұның барлығы жоқ болып кетеді. Бұл жалғыздықтың тәжірибесі. Көп ғашықтар арамыз суып кетер деп бұл туралы сөйлеспеуге тырысады. Осылайша, бұл қиындықпен жалғыз өзіңіз күресуге мәжбүр боласыз. Ер азаматтың түсік тастау туралы айтып жатқанын жиі естисіз бе?

Бұл тақырыпта сөз қозғауды олар намыс көреді. Шындығында бұл қос ғашықтың бір-біріне деген адал сезімі мен адамгершіліктері үшін қатаң сын. Мұндай жағдайда әйелден айналасындағылар емес, оның ең жақын адамы – жолдасы бас тартады. Оған осылай жасау оңай емес пе? Бәріне әйелді кінәлап, оған “сенің бір жерің дұрыс емес” деп айта салу. Артынша оны дәрігерге жіберу. Денсаулығы дұрысталмаса, басқа біреуге үйлене салу.  Менің әйелім соңғы 7 жылда 8 рет түсік тастады. Дәл қазір мен бақытты әкемін”, – дейді Марк Цукерберг. Олардың Макс есімді қыздары бар.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Бәйбіше мен күйеуі ұл туып берген тоқалды үйден қуып шықты

Ләйлә Сұлтанқызы келіншектерге ерімен бақытты болудың 10 қағидасын айтты

Күйеуіңізбен бақытты болудың жиырма қағидасы

Жүнісова елге күйеуімен бірге жүрген бақытты сәттерінің видеосын көрсетті

Талқылау