Жолымды қалай ашам деушілерге діндарлар жауап берді

Сейсенбі, 4 Қазан , 2016 12:05

Менің жолым болмай жүр, дұға немесе Құранмен дем салуға бола ма? Дінімізде қандай жолдары бар сол жайлы айтсаңыздар деп Самалбек есімді азамат сауал жолдады.

1443161035_bigstock-man-fustrated-27249530

Фото: chaichalk.com 

Тұрмыс тауқыметі мен таршылығы қажытып, істеген жұмыс өнбей берекеті болмай жатса және басқа да қиындықтарға тап болған кезде истиғфар айту қажет. Истиғфар – біліп-білмей жасаған қате-күнәлар үшін Алла Тағаладан кешірім сұрап, тәубе ету, деп жауап береді muslim.kz сайты жауап берді.

Құран Кәрімде: «…Раббыларыңнан кешірім сұраңдар, расында, Ол – аса Кешірімді. Сонда Алла сендерге жаңбырды нөсерлете жібереді. Һәм сендерді мал-мүлікпен және бала-шағамен қолдайды да, сендер үшін жер бетінде бақтар жасайды әрі сендер үшін өзендер жасайды», – деп әмір етеді. Демек, көп истиғфар айтып, тәубе ету – адамның мал-дүние және бала-шағасымен бақытты болуына һәм Алла мен Елшісінің сүйіспеншілігіне бөленуіне себеп.

Сонымен бірге, Ибн Аббас (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Кімде-кім истиғфар айтуды әдетке айналдырса, Алла Тағала оған тығырықтан шығатын жолды көрсетеді, уайым-қайғысынан кейін қуаныш береді және ойламан жерден ризық-нәсібесін береді», – деп айтылған.

Түйіндей айтқанда, хадисте истиғфарды әдетке айналдыру қажет екені айтылуда. Ал, истиғфар ең аз дегенде күндіз 100 рет, кешке 100 рет айтқан жөн. Истиғфардың көптеген түрі бар. Соның қысқа да нұсқа түрі: «Астағфиру Аллаһал Ъазымал ләзи лә иләһә иллә Һуал Хайюл Қойюм уә әтубу иләһ». Мағынасы: «Өзінен басқа Құдай жоқ Ұлық Алладан жарылқау тілеп, Оған тәубе етемін. Ол – Хай, Мәңгі Тірі және Қаюм, барша тіршілікті бақылаушы Алла».

Жіберіп алмаңыз:

Оразаның пайдасын дәлелдеген токиолық ғалым Нобель сыйлығын алды (фото)

Француз ғалымы перғауын оқиғасын зерттеген соң ислам дінін қабылдаған

Ислам діні адам сыртынан сөз айтуға рұқсат беретін 5 жағдай

Қазақстандық алты жасар бала каратэден әлем чемпионы атанды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар