Оразаның пайдасын дәлелдеген токиолық ғалым Нобель сыйлығын алды (фото)

Сейсенбі, 4 Қазан , 2016 11:49

Нобель апталығы басталғаннан ең жарқын ғылыми атақтар мен медицина, физиология, физика және химия саласында лауреаттар анықталды. Медицина мен физиология саласының лауреаттары 2016 жылы 3 қазан күні белгілі болды.

скачанные файлы

Ол атақтың иесі – Токио Технологиялық университетінің жасушалы биология маманы Ёсинори Осуми (Yoshinori Ohsumi), деп жазады muslim.kz.

Нобель комитетінің пресс-релизінде былай деп жазылған:

«Осумидің бұл ашқан жаңалығы біздің түсінігіміздегі жасуша өзіндегіні қалай өңдейтінін түсіндіретін жаңа парадигмаға жол ашады. Ол көптеген физиологиялық үдерістерге аутофагтың маңыздылығын түсіндіретін фундаментальды түсінік қалыптастырды. Оларға аштыққа бейімделу мен инфекция қарсы тұру жатады.

wx1080 (2)

Аутофагия – бұл қоқыстардан құралған жасушаның қажетсіз бөліктерін өңдеу немесе утилизция жасау. Бұл үдеріске қойылған термин екі грек сөзінен «өзітамақтану» немесе «өзіқоректену» деген мағынаны білдіреді.

wx1080

Жалпы бұл феномен бар болған, оны ғалымдар өткен ғасырдың 60-шы жылдары тапқан. Бірақ, терең бойламаған. 90-жылдары бұны Осуми жасады. Ол тәжірибе жасау арқылы аутофагқа жауап беретін гендерді шығарды. Осы еңбектің арқасында ширек ғасырдан кейін сыйлық өз иесін тапты. Сондай-ақ, бірауыздан Нобель сыйлығына лайықты тарихтағы 39-шы ғалым етті.

Сонымен лауреаттың ашқан жаңалығы мынаны дәлелдейді: ашығу яғни, ораза ұстау расында ішкі ағзаны тазалайды. Бұл Нобель комитетімен дәлелденген.

Осумидің әріптестері аутофагия ағзаны ерте қартаюдан сақтайды деп отыр. Тіпті, жаңа жасушалар тудыратындықтан ағзаны жасартуы да мүмкін. Себебі, ол кезде жарамсыз ақуыздар, зақымдалған ішкіжасушалы элементтер ағзадан шығарылып, ретке келтіріледі.

Жіберіп алмаңыз:

Француз ғалымы перғауын оқиғасын зерттеген соң ислам дінін қабылдаған

Ислам діні адам сыртынан сөз айтуға рұқсат беретін 5 жағдай

Қазақстандық алты жасар бала каратэден әлем чемпионы атанды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар