Ғұсыл дәретін қай кезде алу парыз етіледі

Бейсенбі, 6 Қазан , 2016 15:12

Шариғат бойынша ғұсыл дәретін қай кезде алу парыз екені жөнінде діндарлар жауап береді.

TGQeI3VwxiqW5eKI-lg

Жүніп және ғұсыл. Жүніп – ерлі-зайыптылардың қосылғаннан кейінгі дәретсіздік жағдайы. Яғни, ер кісі мен әйелдердің бойынан құмарлықпен ұрық бөлінгеннен кейінгі таза емес қалпы, деп жазады muslim.kz.

Ғұсыл – жүніптік жағдайдан тазару. Сондай-ақ, ғұсыл ел аузында «бой дәрет» деп те айтылады. Әйелдер етеккір немесе босанғаннан кейін келетін қан тоқтаған соң да ғұсыл құйынуы парыз.

Денені толық жуып, тазалануды ғұсыл құйыну деп атайды. Мұсылман жұма намазына, екі айт намаздарына барар алдын ғұсыл құйынып шығуы сүннет болып табылады. Алайда, сонымен қатар, міндетті түрде ғұсыл құйыну қажет жағдайлар бар. Олар:

1. Ұйықтап жатқан немесе ояу адамның (ер кісі және әйелдің) бойынан ләззатпен ұрықтың шығуы.

Кісі ұйқыда жатып түс көрсе, алайда киімінен белгісін таппаса, ғұсыл құйыну парыз емес. Ал, ешбір түс көрмей, бірақ оянғанда киімінен белгі көрсе, ғұсыл құйыну шарт болады.

Ал, науқастық немесе басқа да салдар себепті, ешбір құмарлықсыз кісі бойынан ұрық шығатын болса, ол зәр болып есептеледі. Мұндай жағдайда тек дәрет алу қажет.

Сондай-ақ, ұйқыдан тұрып дәрет алып, намазын оқып болған соң киімінен жүніптік белгісін көрсе, ғұсыл құйынып, намазын қайта оқиды.

2. Ерлі-зайыптылар жыныстық мүшелері жанасса.

Айша анамыз (р.а.) бұл жайлы пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) «Ұшы ұшына енсе, ғұсыл уәжіп бола» деген сөзін риуаят етеді.

Ер кісі мүшесінің басы әйел жатырына енсе, оған да, әйелге де ғұсыл құйыну міндет. Мұндай жағдайда кісінің бойынан шәуһат шықса да, шықпаса да мүшесі әйелдің жатырына енгендіктен, ғұсыл құйыну екеуіне де уәжіп болады.

3.Әйелдің етеккірі (хайыз) және босанғаннан кейінгі қан келу кезеңі (нифас) біткеннен кейін ғұсыл құйынуы парыз.

Құранда: «…қашан олар нақ тазарса…»,-деп әмір етілген. Әбу Ханифа Омар және Ибн Масудтан (Алла тағала екеуінен де разы болсын) риуаят етеді: хайыз (етеккір) – қаны тоқтаған әйел. Әйел етеккірден соң ғұсыл құйынбайынша, хайыз болып есептеледі.

Муъаз (р.а.): «Босанған әйел бір жұмадан соң тазарғанын көрсе, ғұсыл құйынып намазын бастасын»,-деген.

Ғұсылдың парызы

Ғұсылдың үш парызы бар: ауызды шаю, мұрынды шаю және денені түгел жуу. Әбу Һурайра (р.а.) бұл жөнінде: «Әрбір түктің астында жүніптік бар. Сондықтан шашты (сонымен қатар, әрбір түкті) салалап, теріні (денені) тазалаңдар», – деген пайғамбар сөзін риуаят етеді. Сондықтан құлақ іші, кіндік, қас, сақал-мұрт, шаштың түбі секілді қиындық тудырмайтын орындардың барлығына су тиюі шарт.

Сонымен бірге, денеге немесе теріге толығымен су тиюіне кедергі болған бояу, крем, лак, тущь және де басқа заттарды кетіріп барып ғұсыл алу қажет.

Ескерту: Ғұсыл құйынуға қолайлы жағдай жоқ болса, мәселен су мүлдем болмаса, су суық болып, кісі жуынса ауырып қалу қаупі немесе сырқаты асқынып кетуі ықтимал болса ғұсылды кешіктіруіне рұқсат етіледі.

Сахаба Жабир (р.а.) мына әңгімені баяндайды: «Біз сапарға шыққан болатынбыз. Арамыздағы бір кісінің басына тас тиіп, жарақат алды. Сосын ол таңертең тұрса жүніп болып қалыпты. Ол: Менің тәйәммум алуымды жөн санайсыңдар ма? – деп сұрайды. Жолдастары: Жоқ, рұқсат жоқ деп ойлаймыз. Өйткені, су қол астыңда тұр, – дейді. Ол кісі ғұсыл құйынып, (сырқаты асқынып) қайтыс болады.

Біз сапардан қайта оралғанда Аллаһ елшісінің (с.ғ.с.) құзырына барып болған мән жайдан хабардар еттік. Сонда ол кісі: «Аллаһ, оны өлтіріпсіңдер ғой! Білмесеңдер, сұрамайсыңдар ма? білмегеннің дауасы сұрау. Расында, ол кісіге тәйәммум етіп, жарақатын таңып, денесінің өзге мүшесін жууға болар еді», – деп айтқан.

Ғұсыл алу тәртібі

Кісі ғұсылдың үш парызын орындап, яғни ауыз мұрынды шайып, душқа, бассейнге, өзен көлге түсіп денеге толығымен су тигізсе ғұсыл алынған болып есептеледі. Алайда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) көрсеткен тәртіп бойынша ғұсыл алу абзал әрі сүннет саналады.

Ғұсыл құйынуды ниет еткен адам әуелі әуретіндегі нәжісті кетіреді. Сосын толығымен дәрет алады. Тек аяқтарын жумайды. Келесі кезекте басын толығымен жуып алып, әуелі оң иығына сосын сол иығына су құйып жуынады. Осылайша толығымен үш рет тұтастай жуынып шығады. Егер жуынатын орны су үймелейтін болса, аяқтарын шығарда жуады. Міне, осы тәртіппен ғұсыл алу сүннет.

Ибн Аббас (р.а.) риуаят етеді: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) әйелі Маймуна (р.а.): Мен пайғамбарға (с.ғ.с.) ғұсыл құйынуы үшін су әзірлеп бердім. Ол екі қолын екі-үш рет жуды. Сосын сол қолына су құйып, жыныс мүшесін тазалады. Сосын (сол) қолын жерге ысқылады. Кейін аузы мен мұрнын шайып, беті мен қос қолын жуды. Сосын бүкіл денесіне су құйып шомылды. Кейін шетірек тұрып, екі аяғын жуды,-деп айтқан.

Жүніптік күйде тыйым салынатын амалдар

Жүніп (ғұсылсыз) адамға намаз оқуға (бес уақыт, жұма, айт және нәпіл намаздарын), жаназа намазына қатысуға, қағбаны тәуеп етуге, құран кітабын ұстауға және құранды жатқа оқуға тыйым салынады. Кеңірек айтар болсақ:

1.Намаздың барлық түрін оқуға тыйым салынады. Майда сүресінің 6-аятында «Егер жүніп болсаңдар, тазаланыңдар (ғұсыл құйыныңдар)»,-деген.

2.Қағбаны тәуеп етуге тыйым салынады. Бұл жөнінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Расында қағбаны тәуеп ету намаз (болып табылады). Егер тәуеп ететін болсаңдар сөзді азайтыңдар»,-деген.

3.Құран кітабын ұстауға тыйым етіледі. Уақиға сүресінің 79-аятында «Оны (Құранды) тек пәк (дәретті) адамдар ұстайды», деп бұйырылған. Сондай ақ, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Құранды тек таза адам ұстайды», деп айтқан.

4.Құранның сүресін немесе бірер аятын да жатқа оқуға болмайды.

Ескерту: Ал, күнделікті дұға ретінде қолданылатын құран аяттарын оқуға рұқсат етіледі. Мысалы: тамақтану алдында және бір істі бастамас бұрын «бисмиллаһ» айту, көлікке мінер кезде «Субханал лази саххара лана һаза уа ма кунна лаһу муқринин» (Зухруф сүресі аяты) дұғасын оқу, үйде кіріп жайғасқан соң «уа қул Робби анзилни мунзалан мубаракан» (Муминун сүресі аяты) дұғасын оқу секілді.

Жүніп күйдегі адамға асыл дініміздің ең абзал ғибадаттарын орындауға тыйым етілген. Декем, мұсылман баласы шаруам оңынан болсан және жақсы амалдарымды Аллаһ қабыл етсін десе ғұсыл секілді амалдарға мұқият болуы шарт.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда халал қонақ үй пайда болды (фото)

Шариғат бойынша зират қасынан өткенде бет сипау дұрыс па

Жолымды қалай ашам деушілерге діндарлар жауап берді

Француз ғалымы перғауын оқиғасын зерттеген соң ислам дінін қабылдаған

Ислам діні адам сыртынан сөз айтуға рұқсат беретін 5 жағдай

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Анонимно says:

    Басымнан қатты жарақат алдым əйнек кесіп. бесінші күнге дейін ғұсыл дəрет алалмадым бірақ дəретпен намазды тоқтатпадым осы қалай болар екен

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар