Түркістан қаласы ресми түрде түркі әлемінің астанасы атанды
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында Наурыз мерекесіне арналған “Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы” және “Наурызнама” атты салтанатты шара өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Бұл күндері Түркістан – түркі мәдениеті мен тарихының алтын бесігіне айналып, көптеген халықтардың басын біріктіріп отыр.
Шараға 15 түркі тілдес елден 300-ге жуық шетелдік қонақтар, халықаралық ұйымдардың өкілдері, еліміздің зиялы қауым өкілдері, өнер мен әдебиет тарландары қатысты.
Қадірлі қонақтар қатарында ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ТҮРКСОЙ бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, басқа да жоғары шенді азаматтар болып, Қожа Ахмет Яассауи мавзолейіне бас сұғып, тәу етті.
Салтанатты шара барысында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев барша қауымды Наурыз мерекесімен және Түркістан қаласының түркі әлемінің мәдени астанасы атануымен құттықтады.
Мереке құрметіне этноауыл бой көтеріп, ұлттық тағамдармен толтырылған дастархан жайылды.
Оқи отырыңыз:
Алматылық зейнеткер немересін нағашы атасы мен жездесі қорлап келгенін айтып ашынды
Жүрегі оң жағында орналасқан қазақ қызы сөздерді керісінше оқиды
Шымкентте туып Американы бағындырған қазақ жігіті туған жеріне келді
Қазақтарға орысша “сәнді сөздердің” аудармасын қолдану ұсынылды