Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түрме қызметкерінен бала босанып алған Наталья Слекишина бостандыққа шықты (фото)

Ірі көлемде мүлік ұрлап сотталған Наталья Слекишин бостандыққа шықты. Ол түрме қызметкерінен сәби босанып алған еді.

16426176_1525967030776944_6586234642199782654_n

Бұл туралы Dina Tansari желідегі парақшасында жариялады.

Бұдан бұрын Слекишинаның енесі әйелдің бостандыққа шығатынына келіспей қарсы шағым түсірген еді. Натальяның бұрынғы енесі Слекишина сотталған қылмыстық іс бойынша жәбірленуші болатын.

16299453_1525967117443602_8401826097088318490_n
Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты сотталушы Наталья Слекишинаны азаптады және зорлады деп айыпталған тергеу изоляторының (СИ-18) қызметкерлері Руслан Хәкімовті тоғыз жылға бас бостандығынан айырған болатын.

16472876_1525987634108217_3178189708972190821_n

Еске сала кетейік, сотталушы Наталья Слекишина биыл шілде айының басында қамауда зорланғанын, содан жүкті болып, босанғандығын жария еткен болатын. Оның айтуынша, түрме басшылығы алғашында зорлау туралы істі жасырмақ болған. Алайда, сараптама қылмыстық іске қатыстылардың бірінің нәрестенің әкесі екенін растады.

Зорлау оқиғасы ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің ЛА-155/18 мемлекеттік мекемесінің тергеу абақтысында болған. Наталья Слекишинаның айтуынша, оны осы мекеменің төрт қызметкері зорлаған.

Слекишина түрмедегі мерзімін қысқартуды сұрап Алмалы сотына өтінгенін оның адвокаты Айман Умарова бұған дейін хабарлаған болатын. Айта кетейік, Н.Слекишинаның өзі азаматтық некедегі күйеуінің үйіне қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотталған.

Жіберіп алмаңыз:

Жансая Әбдімәлік Евразияның ең әдемі шахматшысы деп танылды

Астанадағы эротикалық фотосессияның “бас кейіпкері” табылды

Ақтөбеде із-түссіз кеткен әскери дәрігердің мәйіті табылды

Талқылау