Астанадағы эротикалық фотосессияның "бас кейіпкері" табылды
Қыстыгүні жалаңаш күйінде көшеде суретке түскен Астана тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бұл айрықша фотосессияның суреттері WhatsApp және әлеуметтік желілер арқылы таратылған. Суреттерде жас қыз қара түсті жол талғамайтын көліктің қасында жалаңаш күйінде бой түзеп тұр.
Бүгін Астана ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, жергілікті полиция қызметі қыздың кім екенін анықтаған, бұл оқиға 31 қаңтар күні сағат сегіз жарым кезінде Ш. Қалдыаяқов көшесінде орналасқан үй маңындағы көлік тұрағында болыпты.
Ол қыз 20 жасар қала тұрғыны болып шықты, қазір ҚР ӘҚБК 434 бабы бойынша (Жеңіл бұзақылықтар) әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Істің деректері Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді.
Оқи отырыңыз:
Бірінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жан компьютер жөндеп, отбасын асырайды
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды