Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жансая Әбдімәлік Евразияның ең әдемі шахматшысы деп танылды

Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік «Miss Chess Eurasia» байқауында жеңіске жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

20170203123312

Байқаудың ресми сайтындағы нәтиже бойынша Жансаяға қызға 9136 адам дауыс берген. Жансая өзінің басты қарсыласы – өзбекстандық шахматшы Сарвиноз Курбонбоевадан 1288 дауыс артық жинады. Өзбекстан шахматшысы Сарвиноз Курбонбоева 7848 дауыспен екінші орын, тәжікстандық Мутриба Хотами 653 дауыспен үшінші орын алды.

17 жастағы қазақстандық Жансая Әбдімәлік – әйелдер арасында халықаралық дәрежедегі гроссмейстер. Ол әзірге Top 100 Women January 2017 тізімінде 43 орында тұр. ФИДЕ рейтингінде Жансая Әбдімәлік – 2430-да тұр. Бүгінде Шымкент пен Алматы қалаларында Жансаяның Шахмат академиялары бар. Онда жас гроссмейстердің өзі де, басқа ұстаздар да балаларға шахматтың қыр-сырын үйретуде. Биыл осындай академияларды Маңғыстау мен Қарағанды облыстарында ашу жоспарлануда.

Жіберіп алмаңыз:

Астанадағы эротикалық фотосессияның “бас кейіпкері” табылды

Бірінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жан компьютер жөндеп, отбасын асырайды

Тұрғын: Сарыағашта ақша бермесең дәрігерлер қарамайды

Талқылау