Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Заңгер полицейді тастаған қоқысын жинауға мәжбүрледі (видео)

Түркістан облысында заңгер көшені ластаған полицейдің өзін қоқысты жинауға мәжбүрледі.

Заңгер полицейдің  қоқысты көшеге тастағанын көріп, оны алуды ескерткен. Оған полицей құлақ аспаған соң видеоға түсіре бастайды.

Ақыры полицей қоқысты алып, көлігіне салып қойды.

“Қазір ғана, Түркістан облысы ІІД Түлкібас аудандық Ішкі істер бөлімінің алдында, полиция қызметкері полиция қызметтік автокөлігінен шығып, менің көзімше көшеге “GORILLA” сусынының босаған ыдысын (баночный) қоғамдық жерге тастап, əкімшілік құқық бұзушылық жасады.

Ағай, неге қоғамдық жерді (көшені) ластап жатырсыз деп ескерту жасаған едім, қайта алып автокөлігіне салып қойды. Азаматтық тұрғыдан, ІІ Органдарына жəне Түлкібас аудандық əкімшілікке ауданды, Тұрар Рысқұлов атамның аты берілген ауылды таза ұстауға тигізген көмегімнің бірі болсын.

Қазір ІІ бөлімінің бастығынан аталған қызметкерге əкімшілік шара қолдануын сұраймын.
Нəтижесін кейінірек жариялаймын”, – деп жазады заңгер Құрманғазы Мүссір желіде.

Ол парақшасына видеосын жариялады.

Видеодан полицейдің “Не үшін камераға түсіріп жатырсың? Еш қақың жоқ? Қоқысты мен тастағанымды дәлелдей аласың ба?” деп жатқанын көруге болады. Бірақ қоқысты өз қолымен жинады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау