Түрік әншісі Таркан өзінің тыңдарманына үйленді (фото)
Танымал түрік әншісі Таркан өзінің тыңдарманына үйленді.
43 жастағы Таркан мен 30 жастағы жұбайы Пынардың неке қию рәсімі әншінің Ыстамбұлдағы үйінің бағында өтті. Жас жұбайлар бес жыл бойы кездесіп жүрген. Музыканттың сүйіктісі өзі секілді Германияда дүниеге келген.
Мұсылмандар салтына сәйкес, “никях” атты рәсім жасалған. Мұнымен қатар, “хитба”, “зифаф”, “сговор”, “урс”, “валима” сынды жол-жоралғылар да жасалған.
Түркияда әншіге концерт кезіндегі ерекше шоулары үшін “поп музыка патшасы” деген лақап ат берген. Таркан – ағылшын тілінде бірде-бір ән айтпай Еуропаға танымал болған жалғыз әнші.
Оқи отырыңыз:
Талқылау