Актер Сергей Безруков үйленді
Танымал ресейлік актер Сергей Безруков үйленді. Актердің таңдауы продюсер, сценарист және режиссер Анна Матисонға түскен.

Сурет m.kp.ru
Бұл туралы lenta.ru сайты хабарлайды.
Қуанышыт жаңалықты жеткізген “ОК!” журналының бас редакторы Вадим Верник актердің өзінен смс-хабарлама алыпты. “Вадик, қымбаттым! Біз ақыры қосылдық. Бірақ, елге жария еткіміз келмейді. Тыныш, у-шусыз. Жұртшылықтың қашан, қайда, қалай деп сұрағандарын қаламаймыз. Бақытымызды қорғаймыз”, – деген хабарламада. Ол смс-ті 11 наурыз күні алғанын да айтты.
Еске салсақ, Сергей Безруков соңғы 15 жылда кино және театр актрисасы Ирина Безруковамен отау құрған. БАҚ құралдарының айтуынша жұп 2015 жылы ажырасып кеткен.
Ал Анна Матисон “Елки-2”, “Елки-3” және “Елки-1914” комедияларының сценариін жазған. 2010 жылы ол “Сатисфакция” атты мелодрама түсірген болатын.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған