Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел салондағы педикюрден кейін комаға түсті

АҚШ тұрғыны сұлулық салондарының бірінде өміріне аса қауіпті инфекция жұқтырып алдым деп сендіреді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

педикюр

Теннесси штатының Мурфрисборо қаласында тұратын Челси Ллойд кыркүйек айында сол аймақтың жергілікті сұлулық салонында аяқ тырнағын сәндеген көрінеді. Алайда, біраз күннен соң қыздың аяғында ұсақ бөртпелер пайда болып, артынша терісіне мүлдем ірі жаралар қаптап кеткен.

Ллойдтың айтуынша бұл залалдан арылу үшін ол біршама ақша құртыпты, алайда оқиғаға жауапты сән салоны шығынның тек жартысын өтеп берген.  Ең қызығы, сұлулық салонының менеджері Сьюзен Нгуен өзінің сән орталығын кінәлі деп санамаса да, өтемақының жарты сомасын төлеп беріпті. 

Сән салонында ауруға тап боламын деген ойында болмаған Челси Ллойд қорғаушыға ақшасы болмағандықтан, сотқа арызданбапты. Сол себепті, мұндай жағдай басқа да адамдармен қайталанбас мақсатында оқиғаны көпшілікке жариялауды жөн көріпті. 

Талқылау