Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Cүйіктісін қызғанған әйел танысын тұншықтырып өлтірген: ШҚО-да он жыл бойы іздеуде болған күдікті ұсталды

Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері он жыл бұрынғы қылмыстық істі ашты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2008 жылдың сәуір айында "Аягөз – Қарағанды" тас жолының жанынан Аягөз ауданының 35 жастағы тұрғынының мәйіті табылған.

Облыстық полицияның мәліметінше, алғашқы тергеу әрекеттері нәтиже бермеген. Қылмыскердің жеке басын анықтау мүмкін болмады.

2021 жылдың қазан айында полиция қызметкерлері күдіктінің ізіне түскен. Риддердің 51 жастағы тұрғыны өзі жайлы жиналған дәлелдемелерді ұсынғаннан кейін қылмысын бірден мойындаған.



“Күдіктінің әйелді өлтіру себебі сүйіктісін қызғанғандықтан болған. Жәбірленуші ол уақытта әйел мен оның ер азаматының жанында жүрген. Марқұм әйел оның сүйіктісіне тым көп көңіл бөледі деп есептеген. Күдікті әйелді сыртқы киімінің белдігімен тұншықтырып өлтірген”, – деп нақтылады ведомстводан.

ШҚО полиция бастығының орынбасары Талғат Шаяхметовтың айтуынша, күдікті сот санкциясымен қамауға алынған.

Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, егер ол кінәлі деп танылса, оған 20 жылға дейін жаза немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 20 Қазан, 2021 09:20
Талқылау