Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда жұмысшы құрылыста мерт болды: Кінәлілер жазаланбаған

Петропавлда жылу магистралінің құрылысы кезінде жұмысшы мерт болды. Алайда апатқа кінәлілер жазаға тартылмаған, тіпті туыстарына көңіл айтпаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме беріп.

Марқұм Евгений Соловьев

Марқұмның әйелі Татьяна Соколованың айтуынша, Евгений Соловьев "Новатор-строй 2020" ЖШС-де екі апта жұмыс істеген. 14 қыркүйектегі жұмыс күні қайғылы жағдаймен аяқталды. Мектепке жылу жолын төсеу кезінде ер адамға тақтайшалар құлаған. Дәрігерлер 40 жастағы петропавлдықтың өмірін сақтап қалуға тырысты, бірақ бір аптадан кейін Евгений қайтыс болды. Көз жұмбай тұрып жұбайы оқиғаның мән-жайын түсіндіріп кеткен.

Ол тайқтайшаның П әрпі болып тұрғанын, тайқтайшаның жақтары жамбасын қысып қалғанын айтқан. Жұмысында тек бір күн ғана шыққан дейді. Тақтайша емес, шұңқырға құлап түскен деп жеткізген.

Татьяна болған оқиғаға байланысты ешкім жауапқа тартылмайды деп ашулы. Оның айтуынша, күйеуі есін жиғанда қылмыстық тергеу аясында одан куәлік алынбаған. Енді жесір әйел шындықты жалғыз іздеуге мәжбүр. Татьянаның айтуынша, марқұмның туыстары ештеңе дәлелдей алмайтындығын жұмысшы тарап тұспалдап жеткізген.


Кіндігі кесілмеген күйде: Шымкенттік жұмысшы жаңа туған нәрестені қалай тапқанын айтты 


СҚО әкімдігінің мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бас маманы Азат Бейсембин жазатайым оқиғаны тергеу барысында жарақат алғаны жөнінде ешқандай дәлелдеме жоқ екенін айтады, себебі жақын жерде куәгерлер болмаған.

“Бұл жазатайым оқиға жұмыс беруші мен қызметкер арасында еңбек қатынастарының болмауына байланысты жұмыс барысында болды деп айта алмаймыз. Бұл қызметкер ауызша келісім бойынша жұмыс істеген”, – дейді ол.

Еңбек инспекциясы бейресми жұмысқа орналасу немесе азаматтық-құқықтық шарт бойынша ынтымақтастық қызметкерді жазатайым оқиға кезінде қандай да бір төлемдерден айыратынын еске салады. Жарақат жұмыс орнында болғанын дәлелдеу мүмкін болмай қалады.

Мамандар мұндай еңбек қатынастары жұмыс беруші үшін өте ыңғайлы дейді.  Адамдар көбінесе салдары қандай болу керек екенін түсінбестен жұмыс істеуге келіседі.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыста 27 жазатайым оқиға тіркелген, 17 жұмыс берушінің кінәсі басым.

Талқылау