Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сүйікті клиент": Банк кәсіпкерлерге қандай жарнамалық қолдау көрсетеді?

Шағын немесе орта кәсіп иелерінің бәрінің үлкен жарнама жасауға мүмкіндігі жете бермейді. Еуразиялық банк осы мәселені ескеріп, “Сүйікті клиент” жобасын іске қосып, қаладағы билбордтарға өзінің кәсіпкер клиенттерінің бизнестерін жарнамалады. 

Еуразиялық банктің бөлімшесі бар тоғыз қалада отбасылық балабақшадан бастап, инновациялық кәсіпке дейінгі жергілікті кәсіпкерлердің жетістігі жазылған жарнамалар пайда болды. Банк жарнама түріндегі қолдауын тиімді етуі үшін жоба қатысушыларынан әлеуметтік желіге арнап видео-сұхбат алды.

"Сүйікті клиент” жобасы – клиенттеріміздің жетістіктерімен қаншалық мақтанатынымызды, оларға алғысымыз шексіз екенін және кәсібінің аудиториясын кеңейтуге көмектескіміз келетінін көрсететін тәсіліміз", – дейді банктің басқарма төрайымы Ляззат Сатиева.

Жоба бизнесті жаңа жетістіктерге шабыттандырып, сенім мен ынтымақтастыққа алғыс білдіру ниетінде қолға алынған. Бұл тәсіл Еуразиялық банктің 30 жылдығына арналды.

Жарнама науқаны кейіпкерлерінің қатарында наубайхана, медицина емханасы, өнер мектебі, балабақша және тағы басқа өңірдің дамуына үлес қосып жүрген әрі өз тарихы бар кәсіпорындар бар.

Отбасыға жылу сыйлайтын ыстық нан

Astyk Alem – 10 жылдан астам уақыттан бері Қарағанды ​​облысының тұрғындарын хош иісті ыстық нанымен және дәмді кондитер өнімдерімен қуантып келе жатқан ірі наубайхана. Зауыттың негізін қалаған Абсалам Қариннің айтуынша, ол үшін нан пісіру кәсібі – отбасылық тарих. 

Бұл кәсіп кішкентай ғана наубайханадан басталған. Бүгінде зауыт күнделікті 10 мыңнан астам нан, тоқаш, бәліш сияқты түрлі нан өнімдерін пісіреді. Дегенмен кәсіптің басты құндылығы өнімнің көлемі мен санында емес, махаббатпен жасалатынында. Олардың әр пісірген нанының дәмінен сол махаббаты сезіледі.

“Біз үшін нан жай ғана кәсіп емес, ол – біздің отбасылық тарихымыздың, тамырымыз бен дәстүріміздің бір бөлігі. Біз оны өз отбасымызға пісіргендей ұқыпты жасаймыз. Біздің өнімдерді адамдар сатып алғанда, cол үйдің, отбасылық әдет-ғұрпының, жайлы сәтінің бір бөлігіне айналатынымызды түсінеміз. “Сүйікті клиент” жобасы – бізге құндылығымызды үлкен аудиторияға жеткізуге таптырмас мүмкіндік. Мұндай қолдау сенімді нығайтады әрі дұрыс жолда екенімізді көрсетеді”, – дейді Абсалям Карин.

Қамқорлығымен емдейтін емхана

“Жанар” медицина емханасы 2003 жылдан бері адамдардың денсаулығын тексеріп, қамқорлығын көрсетіп жүр. 20 жылдан астам уақыт істеп келе жатқан емхана дәрігеріне Қызылордадағы және өңірлердегі көптеген тұрғын сенім артады. Емхана тек білікті мамандарымен емес, әр науқасқа жіті көңіл бөліп, әрқайсының жағдайын ескеретінімен танымал. 

Біз бірнеше маман істейтін шағын медицина орталығы болып, ісімізді бастағанбыз, дегенмен жылдар өтіп, үлкен көпсалалы емханаға айналдық. Біздің науқастарымыз үлкен отбасымыздың мүшесі сияқты. Біз олардың денсаулығын өмір бойы күтуге, оларды қолдауға тырысамыз. Еуразиялық банктің осы жобасының арқасында біз одан да көп адамға көмектесе аламыз", – дейді “Жанар” емханасының басшысы Урмия Беисова.

Талант пен жүректі ашатын музыка

Virtuoso – жаңа таланттар туатын Атыраудағы мектеп. Қазір мұнда түрлі жастағы адамдар гитарада ойнау, фортепиано үйрену, домбыра тарту, скрипкада ойнау, барабан үйрену, вокал және көркем сурет сияқты түрлі курсқа қатыса алады. Мектеп қабырғасындағы ерекше атмосфера әрбір оқушыға ашылуға, өзін үлкен шығармашыл ортаның бөлігі сезінуге, өнерде жаңа белестерді асуға көмектеседі.  

“Біз әрқашан тек білім беруге емес, шабыттандыруға, өзін-өзі көрсетуге және дамытуға мүмкіндік беруге ұмтыламыз. Бізге әр оқушының өнердегі жолы маңызды. Біз адамдарға өз талантын ашуға, кейде музыка және өнер арқылы өмірінің жаңа мақсатын айқындауға жәрдемдесе алатынымызға қуанамыз. Еуразиялық банктің “Сүйікті клиент” жобасы мектебіміз туралы айтып, ісімізге назар аудартуға ықпал етті. Болашақ жарық жұлдыздарымызбен жақын болуға үлес қосып жатқан банкке алғысым шексіз”, – деді Virtuoso өнер мектебінің негізін қалаған Нурсултан Медетов. 

Болашақ сылдырлаған күлкіден басталады

Ақтөбе облысы Алға қаласында орналасқан “Балдырған балабақшасы” жергілікті отбасылардың өмірінен маңызды рөл алып үлгерді. Себебі балабақша бүлдіршіндердің сапалы білім алуы мен дамуы үшін бар ынтасымен жұмыс істейді. Мұнда сүйіспеншілік пен қамқорлыққа бөленіп, 220 бала тәрбиеленеді. Оған қоса күн сайын балалардың дарынын ашуға, сыни дағдыларын дамытуға көмектесетін жоғары білікті 40 қызметкер істейді.

“Біздің басты мақсатымыз – балалардың өзін үйінде жүргендей сезінуі, оқып-үйренетін және өзін бақытты сезінетін орта құру. Біз кішкентай бүлдіршіндерімізді жақсы жағдайда оқытып жатқанымызды мақтан етеміз, себебі олардың болашағы дәл осы жерде қаланады. “Сүйікті клиент” жобасының арқасында көпшілікке жоспарымызды бөлісіп отырмыз. Жақында біз Ақтөбеден 100 балаға арналған, барлық жағдай жасалған жаңа балабақша ашамыз”, – дейді “Балдырған” балабақшасының негізін қалаған Балкенже Аймухамбетова. 

Балалар үшін жаңа мүмкіндіктерге қадам басу

“Супер Я” деген балаларды оқытатын орталық 2018 жылы қазанда ақтөбелік балаларды жан-жақты етіп, мектепке дайындау үшін ашылды. Студия бірнеше жылда ата-аналардың сеніміне кіріп, кәсібін кеңейте алды: тағы да екі филиал, балабақша, жазғы лагерь және балаларға демалуға арналған саябақ ашты. Студия меңгерушісі Мадина Бактыгереева балалардың табысты дамуының негізі тек сапалы білім емес, сонымен қатар балалардың өз-өзіне сенімін арттыру, шығармашылық ойлауы мен ішкі ынтасын дамытуда екеніне сенімді.

“Біз балаларға білім беріп қоймай, олардың бойындағы дарынын тауып, оны ашуға тырысамыз. Біздің ұранымыз: “Дамы және Супер Я-мен бірге үздік бол”. Бұл біздің философиямызды айқын көрсетеді. Әр бала – бірегей тұлға, біздің міндетіміз – оған потенциалын ашуға жәрдемдесу. Еуразиялық банктің "Сүйікті клиент" жобасы оқу мен дамуға сүйіспеншілігі бар адамдарға өзімді және “Супер Я” орталығының миссиясын таныстыруға тамаша мүмкіндік болды. Біз ата-аналардың чатында жоба туралы қуана-қуана айттық және жалпы студиямызды білетіндер саны артып келеді. Оқушыларымыз үшін одан әрі жақсы болуға көмектесіп, қолдау көрсетіп жатқан банкке рахмет”, – дейді Мадина Бактыгереева. 

“Сүйікті клиент” жобасы тек жарнама науқаны емес, Еуразиялық банктің бизнесінің потенциалын ашқысы келетін және жергілікті тұрғындармен байланысын жақсартқысы келетін кәсіпкерлерге нағыз қолдау болды. 

Сондай-ақ, акция Қазақстанның болашағының негізін құрайтын жергілікті бизнесті қолдаудың қаншалық маңызды екенін көрсетеді. Біз бірге әлемімізді жарқын, кәсібімізді табысты ете аламыз.

ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 2020 жылғы 3 ақпандағы № 1.2.68/242/40 лицензиясы

Талқылау