Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сұм тағдыры Қазақстан халқын алаңдатқан Айдана Қошанова тұрмысқа шықты

Ол ата-анасынан қорлық көріп, бауырларынан айырылып қалды. Бойжеткенге дейін не өзінің толық аты-жөнін, не қай жылы, қай күні дүниеге келгенін білген жоқ. Қатарластары сияқты бала болып ойнаған жоқ, тіпті, мектепке барған жоқ. Десе де, ештеңеге қарамастан ол бүгін өзін бақытты жан санайды.

Screenshot_12

Фото: “Айтуға оңай” бағдарламасынан скриншот

Бұл туралы «Қазақстан» арнасының «Айтуға оңай» бағдарламасында айтылды.

Естеріңізде болса, бірнеше ай бұрын Айдана Қошанова туралы жазған болатынбыз. Кезінде ата-анасы және бауырларымен бірге Қарақалпақстаннан көшіп келген бойжеткен отбасынан бала күнінде айырылып қалған. Әкесінен зорлық көрді, ал ішкілікке салынған анасы балаларын тастап кетті. Туған әпкесі зорлыққа ұшыраса, сіңлісі қайтыс болды. Ал тағы бір бауырының бар екенін Айдана мүлдем білмеген. Тағдыр оны аямады. Оның хикаясы қазақстандықтардың жүрегін ауыртты. Бүкіл ел Айдананың бақытты болуын тіледі.

Сол тілек періштенің құлағына шалынған шығар, Айдана өзінің теңін тауып, тұрмысқа шықты. Бүгінде ол Астанада жары Досжан Төлендиевпен бірге тұрып жатыр.

Screenshot_13

Фото: “Айтуға оңай” бағдарламасынан скриншот

«Менде бәрі жақсы, бақытты өмір сүріп жатырмын. Жағдайым жақсы. Жарыммен бір пәтерде тұрады екенбіз. Оны бір айға дейін білмегенбіз. Телефон қуаттағыш сұрап келген кезде бір-бірімізді көріп қалдық. Солай сөйлестік, ол менің нөмірімді алды. Сол арқылы танысып сөйлесіп кеттік. Мейірімді, ақылды. Мен білмеген көп нәрселерді үйретеді», – дейді Айдана.

Шыны керек, Айдананың болашағы бүкіл елді алаңдатуда. Сол себепті көпшілік оның күйеуін көргісі келді. Сол сәтте студияға Досжанның өзі де кіріп келді.

«Айдананы бақытты етуге тырысамын» деген ол тым байсалды жігіт болып шықты. Елден ұялып, көп сөзге жоқ екенін мойындады.

Ал студия қонақтары жас жұбайларға сарқылмас бақыт пен шексіз махаббат тіледі.

Жіберіп алмаңыз:

Діни басқарма Алматыда 5000 теңгеге бола шешінген жастарды айыптады

Екі азаматтығы бар Теміртау тұрғыны 10 жыл бойы екі елдің зейнетақысына қарық болып келген

ШҚО-да педофил жауапкершіліктен жалтару үшін өзін психологиялық аурумын деп жариялаған

Apple өкілдері IPhone жарылысынан зардап шеккен ақтөбелік қызға хабарласты

Талқылау