Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Судья Руслан Берденовті сотқа келуге міндеттеді

Руслан БерденовФото: gov.kz

28 шілдеде Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша алдын ала тыңдау өтті. Алайда алдын ала тыңдауға Руслан Берденовтің өзі қатысқан жоқ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Отырыс барысында судья Әбінұр Қарабаев Руслан Берденовті 6 тамызға белгіленген басты сот отырысына келуге міндеттеді. Берденовтің өкілі әкімнің орынбарасы қазір емделіп жатқанын айтты.

Бұл іс бойынша "Тұрғын үй Шымкент" ЖШС-ын басқарған Ернар Жиенбай күдікті ретінде танылып отыр. Ашық түрде өткен алдын ала тыңдауда айыпталушы өзін фото және видеоға түсіруге қарсылық танытқанын жеткізді.

Еске салсақ, бүгін Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандыққа қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау басталды. Сот мемлекеттік тілде өтіп жатыр. Басты сот отырысы 6 тамыз сағат 10:00-ге белгіленді.

Айта кетейік, Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке 21 сәуірде әкімдік ғимаратының алдында қастандық жасалды. Ол жамбас және иық тұсынан оқ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Оған шұғыл түрде ота жасалды. Шабуылдың алдын ала себебі ретінде бірнеше нұсқа айтылды.

Кейін Берденовке қастандық жасаған деп күдіктелген Ернар Жиенбай туралы деректер пайда болды. Журналист Михаил Козачков өзінің Telegram арнасында "Тұрғын үй Шымкент"ЖШС басшысы Ернар Жиенбай неліктен мұндай әрекетке барғанын жазды. 

 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 28 Шілде, 2025 13:14
Талқылау
`