Стиль мен технология үйлесімі: HUAWEI Pura 80 Ultra-ның артықшылығы неде?
Көпшілігіміз үшін "болашақ" – әлі алыстағы, қолжетпейтін дүние секілді. Бірақ кейде ол күтпеген жерден, күнделікті қолданып жүрген заттарымыздың арасынан табыла кетеді. Жаңа технологиялар біздің өмірімізге еніп, ойымызды өзгертетін сәттер дәл сондай әсер қалдырады. HUAWEI Pura 80 Ultra – болашақтың көрінісі. Бұл смартфон – кәсіби деңгейдегі камера мен заманауи гаджеттің ең үздік мүмкіндіктерін бір арнаға тоғыстырған құрылғы. Оны қолданып көргенде болашақ қазірдің өзінде жанымызда екенін түсінесіз. Stan.kz тілшісі смартфонды жан-жақты сынап көріп, оның ерекшеліктерін егжей-тегжейлі зерттеді. Ендеше, HUAWEI Pura 80 Ultra-ның мүмкіндіктеріне бірге көз жүгіртейік.
Pura 80 смартфондар желісі: болашақтың үш деңгейі
-
HUAWEI Pura 80 Ultra – стиль мен технология үйлесімін іздейтіндерге арналған таңдау.
-
HUAWEI Pura 80 – ықшам, бірақ әр бөлшегіне мұқият мән берілген сенімді смартфон.
-
HUAWEI Pura 80 Pro – қуатты камерасымен ерекшеленетін әрі 100 Вт-қа дейін жылдам қуатталатын озық смартфон.
Ережені өзгертетін камера
Pura 80 Ultra-ның басты артықшылығы – камерасы. Huawei бұл модельді 1 дюймдік сенсорлы HDR-камерамен жабдықтап, смартфон түсірілімін мүлде жаңа деңгейге көтерді. Осылайша алғаш рет смартфон кәсіби техникаға тән детализация мен тереңдікті сыйлап отыр.
Pura 80 Ultra-мен суретке түсіру нағыз шығармашылыққа жол ашатын тәжірибе, себебі:
-
50 МП телеобъектив 3,7x оптикалық зуммен портреттерді анық түсіруге мүмкіндік береді.
-
12,5 МП телеобъектив 9,4x үлкейту арқылы басқа камералар "бұлыңғыр" етіп жіберетін қашықтықта да айқындықты сақтап қалады.
-
40 МП ультракең бұрышты объектив қала көрінісін де, табиғат аясын да бұрмаламай жеткізеді.
Тағы бір тартымды тұсы, 1,5 миллион спектрлік арнаға ие жоғары дәлдікпен түсіру модулі. Ол көзге көрінбейтін реңктерді де анықтап, фотосуреттерді шынайы әрі көлемді етеді.
Біз 3,7x және 9,4x оптикалық зумы бар телеобъективтерді сынап көрдік. Суреттер шынымен анық шықты: жақын пландағы кадрларда – ешбір деталь жоғалмаған, ал алыстағы нысандар – барынша жақындатылып, айқын шыққан.
Үлкен сенсорлы телеобъективтің жарықты көбірек түсіруге мүмкіндігі бар, сондықтан табиғат көріністері ап-анық шығады. Тіпті қатты үлкейткенде де камера айқындықты сақтайды.
Көкжиек сызықтары болсын, тау беткейі болсын, жасыл желек сияқты табиғаттың шынайы бейнесін жеткізеді.
Камера түнгі қаланың сұлулығын толық қамтиды. Әсіресе, жарықтың түсуі мен жоғары динаминкалық диапозон кадрды қанық әрі шынайы етіп көрсетеді.
Қаладағы сәулет өнерінің бөлшектері, ғимараттар әсерлі көрінеді, мегаполистің атмосферасын дәл береді.
Стилі айрықша смартфон
Huawei әрбір детальға ерекше мән беріп, Pura 80 модельдерін шын мәнінде сәнді аксессуарға айналдырды. Жарқыраған алтын және классикалық қара түсті нұсқалары бар Pura 80 Ultra премиум-класс аксессуарын еске салады. Қолға ұстағанда ол сенімді, әрі жеңіл (233 г) сезіледі. Ал Kunlun Glass 2.0 қорғаныш әйнегі құрылғыны сызаттар мен қатты соққыдан қорғайды.
Pura 80 Ultra – стиль мен технологияны үйлестірген смартфон. Ол иесінің талғамы мен даралығын айқын көрсетіп тұрады.
Экран мен өнімділік
HUAWEI Pura 80 Ultra 6,8 дюймдік экранмен жабдықталған. 2848×1276 пиксель рұқсаты мен 1-ден 120 Гц-ке дейінгі адаптивті жаңарту жиілігі кез келген контентті – фильм, әлеуметтік желі немесе құжаттарды ерекше тегіс әрі табиғи етіп көрсетеді. Әлеуметтік желілерді парақтаудан бастап, фильм көруге немесе ойын ойнауға дейін – бәрі көз алдыңда тұрғандай әсер береді.
Пайдаланғанда көзге жайлы болу үшін смартфонда 1440 Гц жоғары жиілікті ШИМ-қараңғылату қолданылады. Бұл технология экранға ұзақ қараған кезде көздің шаршауын азайтады.
5170 мАсағ сыйымдылықтағы батарея мен 110 Вт жылдам қуаттау бірнеше минут ішінде-ақ бірнеше сағаттқа жететін энергия береді. Бұған қоса, 80 Вт сымсыз қуаттау мүмкіндігі бар. Pura 80 Ultra IP68/IP69 стандартына сай смартфон су мен шаңнан қорықпайды, тіпті 2 метр тереңдікте де жұмыс істей береді. Сондықтан онымен өзіңізді қалада да, табиғат аясында да еркін әрі қауіпсіз сезінесіз.
Интеллектуалды мүмкіндіктер: сізді түсінетін смартфон
Жаңа HUAWEI Pura 80 сериялар желісі смартфонды басқаруды барынша жеңілдетіп, күнделікті өмірді ыңғайлы ететін заманауи интеллектуалды шешімдерге толы. Мысалы, "Тірі фото" функциясы жаңартылды. Енді камера кадрды батырманы басардан 1,5 секунд бұрын және 1,5 секунд кейін түсіріп алады. Осылайша, үш секундтың ішінен ең әдемі кадрды таңдай аласыз.
Жасанды интеллект суреттерді одан да әсерлі етеді:
- Көп экспозиция қозғалыстың динамикасын толық ашады. Мысалы, баскетболшының секіріп, допты торға салғанға дейінгі сәттері бір кадрға біріктіріледі.
- Ұзақ экспозиция арқылы негізгі нысанды анық көрсетіп, айналасындағы адамдар мен заттарды бұлдыр етіп жібереді.
Экран қозғалып тұрғандай: EMUI 15 интерфейсіндегі тұсқағаздар смартфон экранын “тірілтеді”. "Эмодзи" түріндегі түсқағазды қойсаңыз, түрлі 3D-смайликтер экранда пайда болып, қолданушы әрекетіне қарай көңіл-күйін өзгертеді. Стикерлердің түсқағазын қойсаңыз, көзіңіз қайда қарап тұрса, элементтер сол жаққа қарай жылжып отырады.
Қимылмен басқару. Енді экранға қол тигізбей-ақ беттерді парақтап, скриншот жасауға болады. Смартфон ауадағы қимылды дәл таниды.
Ақылды басқару батырмасы. Екі рет басу арқылы шам, жазбалар немесе өзіңіз таңдаған кез келген қосымшаға жылдам кіре аласыз. Бұл батырма саусақ ізі сканерімен біріктірілген, яғни смартфонды басқару ыңғайлы әрі қауіпсіз.
Жеке деректер мен қоңыраулар қорғалған. Смартфон хабарламаларды бөгделерден жасырады. Ал жасанды интеллект негізіндегі шуды басу технологиясы қоңырау кезінде сыртқы дыбыстарды өшіріп, тек дауысты анық жеткізеді.
Айта кететін жайт, Pura 80 Pro және Ultra модельдерінде Яндекс дыбыстық көмекшісі "Алиса" орнатылған. Ол сізге такси шақыруға, қоңырауларды басқаруға, музыка қосуға және күнделікті тапсырмаларды орындауға көмектеседі. Сонымен қатар интернеттен ақпарат тауып береді, күрделі тақырыптарды қарапайым тілмен түсіндіреді, идея ұсынады, мәтінді талдап, аудара алады.
Ал ең басты артықшылық, енді Huawei смартфондарында алғаш рет экраннан тікелей сурет арқылы Яндекс іздеу функциясы қолжетімді болды.
AppGallery: қосымшалар дүкені ғана емес, толыққанды экожүйе
Huawei бүгінде тек смартфондар шығарумен шектелмей, тұтас экожүйе қалыптастыруда. Оның негізгі бөлігі — ресми қосымшалар дүкені AppGallery. Мұнда мессенджерлер, әлеуметтік желілер, банк сервистері мен ойындардың кең таңдауы бар. Барлығында қауіпсіздік пен тұрақтылыққа ерекше мән берілген. Бұған қоса, қазақстандық қолданушыларға арналған жергілікті сервистер де қолжетімді.
AppGallery-дің басты артықшылықтарының бірі — кейбір қосымшалар дүкенінде жоқ қолданбаларды дәл осы жерден таба аласыз. Мысалы, кейбір мобильді банктер дәл осы дүкенде сақталған. Пайдаланушылар танымал мессенджерлерді оңай жүктеп, чаттарының көшірмесін жасай алады. Сондай-ақ, жүргізушілер үшін қажет Android Auto сервисі де осында бар.
Қосымшалар саны күн сайын артып келеді. Қажетті бағдарламаны табу да оңай: іздеу жолағына атауын жазып, "Орнату" батырмасын басу жеткілікті. Осылайша, AppGallery бүгінде қолданушыларға тек дүкен ғана емес, күнделікті өмірді жеңілдететін ыңғайлы экожүйе ұсынады.
Егер сіз үшін смартфонның басты артықшылығы – мықты камера мен жылдам қуатталу болса, таңдауыңыз Pura 80 болсын. Ал егер заманауи мүмкіндіктер мен жетілдірілген камера қажет болса – Pura 80 Pro сізге сай келеді. Шығармашылық еркіндікті бағалап, кәсіби деңгейде түсірілім жасағыңыз келсе – ең лайықты шешім Pura 80 Ultra болмақ.
Айта кетейік, қазақстандықтар үшін смартфонды 9 қазанға дейін сатып алған жағдайда ерекше ұсыныс қарастырылған. Ол үшін Kaspi-дің ресми дүкенінде немесе ресми серіктестерінен (Sulpak, Technodom, Mechta) алу қажет. Сонда:
- Pura 80 сатып алсаңыз — сыйлыққа Watch GT5 смарт-сағаты беріледі.
- Pura 80 Pro сатып алсаңыз — Watch GT5 Pro.
- Pura 80 Ultra сатып алсаңыз — сондай-ақ Watch GT5 Pro су жаңа сағаттарын сыйға аласыз.

Қазақстандық белсенді уақыт белдеуін қайтару үшін партия құрмақ: Ол зерттеу жүргізіп, қазіргі уақыттың халыққа зиян тигізіп жатқанын анықтады
