Спортшы 1 минут ішінде 51 қарбызды басымен жарып, жаңа рекорд орнатты (видео)
Пәкістанда спортшы Рашид Насим 60 секунд ішінде 51 қарбызды басымен жарып, әлем бойынша жаңа рекорд орнатты.
Сурет: 47channel.ru
Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
2011 жылы германилық рекордшы Тафзи Ахмед осы уақыт ішінде 43 қарбызды жарған еді. Бұл жолы Насим оның рекордынан асып түсіп, 51 қарбызды басымен жарып тастады. Сонымен қатар ол 60 секундта 281 грек жаңғағын қолымен шаққан.
Пәкістандық спортшының сөзінше, ол бұл рекордты орнату үшін ұзақ дайындалған.
«Әлемдік рекорд орнату үшін көп жаттығу керек. Мен бірнеше ай дайындалдым. Осылай өнер көрсетіп, рекорд орнату үшін біраз ақша жұмсау керек. Мен оны демеушілер мен мемлекеттің көмегінсіз жасадым», – дейді рекордшы.
Оқи отырыңыз:
«Тақтар ойынының» жұлдызы әлемдегі ең мықты адам ретінде мойындалды (фото)
Клипсіз танылған Саят Медеуовтің жаңа бейнебаяны көпшілікті тәнті етті (видео)
Бейтаныс әйелдің жағдайына алаңдаған Сәкен Майғазиев жұрттың жүрегін елжіретті
Аяғын басып кеткен ұлын тікелей эфирде балағаттап жіберген Қайрат Нұртас ұятқа қалды (видео)