Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Тақтар ойынының» жұлдызы әлемдегі ең мықты адам ретінде мойындалды (фото)

Исландиядан келген Хафтор Юлиус Бьернссон әлемдегі ең мықты ер адам деген атаққа ие болды. Ол «Тақтар ойынында» Григор Клиганнің рөлін ойнаған еді, деп хабарлайды Stan.kz.

Хафтор Юлиус Бьернссон

Бұл туралы ақпарат Facebook желісіндегі World’s Strongest Man 2018 парақшасында пайда болды.

Филиппин мемлекетінің Манил қаласында өткен жарыс 16 жатығу бойынша өткен. Нәтижесінде исландиялық танымал актер әлемдегі ең мықты ер адам ретінде мойындалды.

 

«Өз отбасыма, достарыма және жанкүйерлеріме көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіргім келеді», – дейді жеңімпаз.

 

Бьернссон 2 жыл қатарынан аталған жарысқа қатысқан. Алайда ол кезде тек екінші орын бұйырған екен.

Оқи отырыңыз:

Клипсіз танылған Саят Медеуовтің жаңа бейнебаяны көпшілікті тәнті етті (видео)

Бейтаныс әйелдің жағдайына алаңдаған Сәкен Майғазиев жұрттың жүрегін елжіретті

Аяғын басып кеткен ұлын тікелей эфирде балағаттап жіберген Қайрат Нұртас ұятқа қалды (видео)

Жұбайы Бейбітті туған күнімен құттықтап, өлең арнаған Тоқтар Серіков жұртты сүйсіндірді

Талқылау