Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сот "Әскери құрылыс" компаниясының бұрынғы басшысы мен оның туыстарына қатысты үкім шығарды

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты "Әскери құрылыс" АҚ бұрынғы президенті Ерлан Тәжіденов басқарған ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты үкім шығарды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

аскери курылыс

Барлығы 11 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған, оның ішінде Ерлан Тәжіденовтің ағасы мен жиені, сондай-ақ өзі басқаратын "Әскери құрылыс" ЖШС және оның Астана қаласындағы филиалының қаржылық және корпоративтік қызметіне жауапты қарамағындағы қызметкерлері бар.

Іс бойынша айыпталушылар аффилиирленген компаниялармен тауарлар мен қызметтерді сатып алу және тегін қаржылық көмек көрсету туралы жалған келісімдер жасау арқылы аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.



Келтірілген шығынның жалпы сомасы 596 миллион теңге. Оның орнын толтыру мақсатында қылмыстық жолмен алынған мүлікке тыйым салынды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымның ресми өкілі Арман Тілеукеновтың айтуынша, Ерлан Тәжіденов, оның ағасы және оның қарамағындағылар 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім әлі заңды күшіне енбеген.

Талқылау