Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде "Миллиардер" түнгі клубындағы екі кісіні өлтірген күзетшілерге қатысты сот үкімі шықты

Ақтөбеде мамандандырылған қылмыстық сот бүгін "Миллиардер” клубында екі адамның өліміне себепкер болған 16 айыпталушыға қатысты үкім шығарды. Айыпталушылардың туыстары соттың үкімімен келіспен наразылық танытқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Диапазон” басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: diapazon.kz

Екі адамды өлтіргені үшін екі айыпталушы 15 және 17 жылға бас бостандығынан айырылды, бұл іс бойынша басқа айыпталушылар онша ауыр емес айыптармен 2,5 жылдан 4,5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Бұл үкімге сотталғандардың туыстары наразы болды.

Сотқа айыпталушылардың 30-ға жуық туысы қатысты. Нақтылай кетейік, 16 сотталушыға адам өлтіру, кісі өлтіруге оқталу, адам ұрлау, ауыр және аса ауыр қылмысты жасыру, аса ауыр қылмыс туралы хабарламау сияқты айыптар тағылған.

Сот анықтағандай, 2022 жылдың 25 қазанында "Миллионер" түнгі клубында сотталушылар бұзақылық жасап, жәбірленушілер Күшкімбаевты, Төлеуовті, Жақыповты, Теміровті ұрып-соққан. Соққы кезінде сотталушылар Түктібай мен Хасенов жәбірленушілер Күшкімбаев пен Төлеуовке пышақтың көмегімен ауыр дене жарақаттарын салған, содан кейін Түктібай мен Үрстемов басқарған көліктерде жәбірленушілер елсіз жерге жеткізілген. Жәбірленушілер алған ауыр жарақаттан қайтыс болды.

Қалған айыпталушылар бұзақылық, жасалған аса ауыр қылмыс туралы қасақана хабарламау, ауыр және аса ауыр қылмысты жасыру бойынша тергеуге алынды.

"Соттың сотталушылардың әрекеттерін кісі өлтіруден бұзақылыққа ауытыруы сотталушылардың жәбірленушілерді өлтіру ниетінің болмауы негіз болды. Төбелеске қатыспаған сотталушылар қылмысты көре тұра, ол туралы хабарламаған. Үрстемов ауыр және аса ауыр қылмысты жасырып, жәбірленушілерді өз көлігімен елсіз мекенге апарып тастауға  көмектескен", – делінген соттың баспасөз хабарламасында.

Осылайша, 16 адамның екеуі ғана адам өлтіргені үшін жазаланды. Түктібай – 17 жылға, Хасенов – 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Қалғандары Қылмыстық кодекстің басқа да онша ауыр емес баптары бойынша кінәлі деп танылды, оларға 2,5 жылдан 4,5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бір кәмелетке толмаған айыпталушыға бұзақылық жасағаны үшін 2 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, дереу қамаудан босатылды.

Сотталғандар арасында миллиардер клубының жалға алушысы да бар - ол қылмысты жасырғаны және хабарламағаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ сот заңды бұзғаны үшін прокуратура, полиция бөлімі және пробация қызметіне қатысты жеке қаулы шығарды.

Сот үкімін жариялау кезінде кейбір туыстар қол соқса, енді бірі сот шешіміне наразылық танытқан. Шешіммді оқу барысында сотталғандардың бірінің әйелі истерика шығарып, оны тыныштандыру қиынға соқты. Оған қоса сот алдында айыпталушылардың бірінің туысы шешімге қарсылық білдірген.. 

Еске салайық, 26 қазанда Елек өзенінің жағасында, Нокина көшесінің бойындағы "Оазис" монша кешенінен алыс емес жерде зорлықпен өлім белгілері бар екі ер адамның мәйіті табылған. Кейін кейбір Telegram арналарында бір топ жігіттің екі жігітті аяусыз соққыға жыққаны түсірілген видео пайда болды. Видеолардың бірінде қылмыс Ақтөбеде, ойын-сауық мекемелерінің бірінде болғаны туралы айтылады.

Талқылау