Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сонша жасқа келгенде музыкалық каналды қайтесің": Дана Нұржігіт Димашты алғаш көргені туралы

Дана Нұржігіт Димашты алғаш рет теледидардан көргені туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Эхо Петербурга" арнасына сілтеме жасап. 

Сонша жасқа келгенде музыкалық каналды қайтесің

Белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт Димаш Құдайбергеннің дауысын алғаш рет естігенде қатты сүйсінгенін айтып берді. Алайда ол теледидардан тек өнер иесінің әнін ғана естіп, түрін көрмей тұрғанда оның орындаушылығын Марат Айтимовқа ұқсатқан екен.

"Менің Димашты алғаш рет теледидардан көрген кезім өте қызық болды. Мен үйді жинап жатқанмын. Теледидарды қосып қойдым. Бір уақытта "Дайдидау" айтылып жатты. Димаштың дауысы менің консерваторияда бірге оқыған досым Марат Айтимовпен бірдей болды", -  дейді Дана Нұржігіт.  

Тіпті тележүргізуші "Дайдидауды" айтқан жігіттің Қанат пен Света Айтбаевтардың баласы екенін де білмеген көрінеді. Осылайша, жасөспірім Димаш тележүргізушіні тәнті еткен. 

"Мен теледидар тұрған бөлмеге жүгіріп бара жатып, "Марат, сонша жасқа келгенде, музыкалық каналды қайтесің" деп ойладым. Кәртайғанда Марат бейнебаян түсірейін деді ме деп күлдім. Барып қарасам, басқа бала. Оның Света мен Қанаттың ұлы екенін, Марат Айтимовтың оқушысы екенін білген жоқпын", - дейді Дана Нұржігіт.

Талқылау