Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Соңына дейін бірге болсам деймін": Мәскеу аруы Малайзияның экс-патшасымен ажырасқаны туралы ақпаратқа қатысты (видео)

«Мәскеу аруы – 2015» атанған Оксана Воеводина Малайзияның бұрынғы королі бесінші Мұхаммедпен ажырасқаны туралы ақпаратқа қатысты жауап беріп, видео жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Воеводина Instagram желісінде архивтегі жантебірентерлік видеосын жариялады.

«Фарис үнемі маған қамқор болып жүреді, ал мен оған қамқор боламын. Оның өміріндегі жалғыз әйел болуды қалаймын. Онымен өмірімнің соңына дейін бірге болсам деймін», - дейді «Мәскеу аруы» видеода. 

Ал бұрынғы король видеода отбасындағы ең бастысы балалар екенін айтқан. Олар біздің мұрамыз, дейді ол.

«Мен үшін ең бастысы – құмарлық пен түсіністіктің үйлесімі. Көбі: «Махаббат, махаббат...», - дейді. Әрине, махаббат деген жақсы. Алайда 15-20 жылдан кейін құмарлық пен түсіністіктің маңызы артады. Біздің ортақ хоббиіміз аз болса да, бір-бірімізді жақсы түсінеміз», - дейді Мұхаммед V.

Еске сала кетсек, бұған дейін БАҚ-та бесінші Мұхаммедтің ресейлік Оксана Воеводинамен ажырасқаны туралы ақпарат тарады. Онда ажырасуды рәсімдеу процедурасы 1 шілдеде аяқталғаны мәлімденген. 

Талқылау