Соңғы нүкте: Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейітмағамбет заңды түрде некесін қиды (фото)

Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейтімағамбеттің «Гламур для дур» фильмінен басталған қарым-қатынасы көпшіліктің назарында. Осыны білетін жұлдыздар махаббаттарын пиарға айналдырған тәрізді. Бір ажырасып, бір қосылған екеуінің қарым-қатынасы көпшіліктің басын қатырды. Бұған дейін ажырасқандарын айтқан ғашықтардың бұл жолы заңды некесін қиғаны белгілі болды.

Соңғы шешім: Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейітмағамбет заңды түрде некесін қиды (фото)

Gakku TV арнасының Instagram желісіндегі парақшасында Дәурен мен Ақботаның заңды некесін қиған сәтінің суреті жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz.

«Ақбота-Нұр Сейтмағамбет пен Дәурен Айдарқұлов бүгін ресми түрде некелесті. Шын жүректен құттықтаймыз! Бақытты болыңыздар!» – деп жазылған арнаның парақшасында.

Сонымен қатар Ақбота Сейітмағамбеттің өзі де Instagram-парақшасында неке кезіндегі ақ көйлек киіп отырған суретін жариялады.

 

❤️

Публикация от Акбота-Нур 👑 (@akbotanurabaykyzy)

Өз кезегінде желі қолданушылары Дәурен мен Ақботаға кезекті мәрте бақыт тілеп, бұл жолғы некелерінің баянды болуын тілесті.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр