Солтүстік Корея Украинадағы соғысқа тағы 30 мыңға дейін сарбаз жібермек
Фото: EPA
Солтүстік Корея Украинаға қарсы соғысқа 30 мыңға дейін сарбаз жіберуді жоспарлап отыр. Ал әскерлер жақын арада Ресейге келуі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі CNN порталына сілтеме жасап хабарлайды.
CNN мәліметінше, Солтүстік Корея Ресей жағында соғысып жатқан әскер санының көлемін үш есеге арттырмақ. Украина арнайы қызметтерінің бағалауы бойынша, алдағы айларда Ресейге 25-тен 30 мыңға дейін солтүстіккореялық әскери қызметкер келуі мүмкін.
Сонымен қатар спутниктік суреттерді зерттеп, мамыр айында Находка маңындағы Дунай портында "Ропуча" атты ресейлік кеменің қайта тоқтағанын байқады.
Сарапшылардың айтуынша, бұл кеме 400-ге дейін әскери қызметкерді тасымалдай алады және былтыр Солтүстік Корея әскерін Ресейге орналастыру үшін пайдаланылған.
Спутниктік суреттерден Солтүстік Кореядағы Сунан әуежайында жүк ұшақтарының байқалғаны белгілі болды.
CNN бұл деректер Солтүстік Корея әскерін орналастыруға дайындықтың белгісі болуы мүмкін деп болжайды.
Ресей бір түнде Украинаға 500-ге жуық дрон мен он шақты зымыран ұшырған
Еске салайық, бұған дейін 28 сәуір күні Солтүстік Корея екіжақты өзара қорғаныс туралы келісім аясында алғаш рет ресми түрде Ресейге Украинаға қарсы соғыс үшін әскер жібергенін мәлімдеді. Кореяның орталық телеграфтық агенттігінің мәліметінше, әскер жіберу Пхеньян мен Мәскеу арасындағы өзара қорғаныс туралы келісімге сәйкес КХДР басшысы Ким Чен Ынның "бұйрығы бойынша" жүзеге асырылды.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
