Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан облысында жол апатынан екі полицей қаза тапты

екі полиция қызметкері қаза таптыФото: pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысында тас жолда екі полиция қызметкері қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты Чистополье-Шоптыкөл тас жолында болған. 

"Жол апаты Chevrolet Cobalt" және "Toyota Camry" көліктерінің қатысуымен болды. Салдарынан екі жүргізуші де қаза тапты. Қазір іс бойынша қылмыстық іс қозғалды",- делінген хабарламада.

Оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

жол апатынан қаза таптыФото: Ішкі істер министрлігі

Мәліметке сәйкес, марқұмдардың екеуі де ішкі істер органдарының қызметкерлері және кезекшілікте болған. Полиция департаменті отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтты. 

"Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің учаскелік полиция инспекторлары, полиция майоры Владимир Синицын мен полицияның аға лейтенанты Даулетхан Қазыханның жол-көлік оқиғасы салдарынан қызметтік міндетін атқару кезінде қаза табуына байланысты олардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Ішкі істер министрлігі қаза болған қызметкерлердің отбасына қажет барлық көмекті көрсетеді", – деп жазды ішкі істер министрі Ержан Сәденов.

Жұмаділлә Нұрила
Сенбі, 06 Қыркүйек, 2025 15:23
Талқылау