Солтүстіктің бас сәулетшісі парамен ұсталды
Солтүстік Қазақстан облысының бас сәулетшісін қамауға сот санкция берді. Облыстың мемлекеттік сәулет-құрылыс саласын қадағалау басқармасын басқарған Валерий Затай өткен аптада мың жарым доллар парамен ұсталған болатын, деп хабарлайды КТК арнасы.
Шенеуніктің тапа тал түсте, азық түлік дүкенінің жанында ұсталып жатқан сәтін куәгерлер ұялы телефонға түсіріп алыпты. Кейін бұл жазба әлеуметтік желілерге тарап, ондағы кісінің облыстың сәулет саласын 20 жылдай басқарған Валерий Затай екені расталған. Сөйтсе, шенеунік 1500 доллар көлемінде пара алыпты. Бұл ауызбастырыққа Затай қандай қызмет көрсетпек болғаны туралы ақпарат жоқ. Бірақ бейресми деректерге қарағанда, ол құрылыс фирмасына берілетін лицензияға қойылатын қолын осы сомаға бағалаған. Валерий Затайдың қылмысы дәледенсе, ол 30 миллион теңге көлемінде айыппұл төлейді не болмаса, 7 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Жіберіп алмаңыз:
Алматыда ауру баласына деп жиналған қаржыны қалауынша жұмсаған келіншек сотта жауап беріп жатыр
Атырауда бір топ жолаушы құстың кесірінен жолдан қалды
Қостанайлықтар қала көшесімен кетіп бара жатқан ұшақты видеоға түсіріп алды (видео)
Астаналық студент су үнемдейтін озық технология ойлап шығарды